Суббота , 5 июля 2025

СӘНИЯ ТОЙКЕН «Журналистика батыры» АТАҒЫН АЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Жарай­сың!

 


«Азат Еуропа/Азаттық Радио­сы» Қазақ қыз­метінің тіл­шісі Сәния Той­кен Әйел жур­на­ли­стер­дің халы­қа­ра­лық қоры (IWMF) тағай­ын­даған «Жур­на­ли­сти­ка­дағы батыл­ды­ғы үшін» сый­лы­ғын иеленді.

 

Сәния Той­кен Маңғы­стау облы­сы мен Ақтау қала­сы­нан хабар беріп жүріп, кәсі­би қыз­меті үшін бір­не­ше рет қуда­ла­у­ға ұшы­ра­ды, қоқан-лоқы көр­ді. Халы­қа­ра­лық қор­дың бас­пасөз хабар­ла­ма­сын­да Сәния Той­кен­нің 2010 жыл­дан бастап, Қаза­қстан билі­гінің жіті наза­ры­на ілін­гені, мұнай өнді­ру сала­сын­дағы құқы­қта­рын талап ету­ші жұмыс­шы­лар тура­лы жазып келе жатқан тіл­ші екені сипатталған.

2011 жылы «Азаттық» тіл­шісі Сәния Той­кен Жаңаө­зен қала­сын­дағы мұнай­шы­лар ере­уілі­нен хабар жет­кізіп тұрған. Сол жылғы 16 жел­тоқ­сан­да болған қан­ды оқиға­дан кей­ін мұнай­шы­лар қала­сы­на кіріп, басын қатер­ге тіге жүріп, тұрғын­дар­дың аху­а­лы тура­лы репор­таж әзір­ле­ген аз тіл­шінің бірі Сәния болатын.

IWMF-тің жазуын­ша, 2012 жылы Сәния Той­кен­ді Аты­ра­удағы пәтері­нен шыға­ру әре­кеті жасалған, кей­ін отба­сы мен доста­ры да қыспаққа алы­нған. 2016 жылы үкі­мет­тің жер рефор­ма­сы­на қар­сы халық толқуы­нан соң Сәния Той­кен­ді поли­ция Ақтау мен Жаңаө­зен­де бір­не­ше мәр­те ұстап, қыз­метіне кедер­гі келтірген.

Сәния Той­кен­мен қатар бұл бедел­ді сый­лы­қты Таяу Шығы­ста жұмыс істей­тін NPR радио­тіл­шісі Дебо­ра Амос пен «Әл-Жази­ра» теле­ар­на­сы­ның йемен­дік репор­тері Хаде­ель Әл-Яма­ни алған.

Сәния Той­кен – бұл сый­лы­ққа лай­ық деп таны­лған алға­шқы қаза­қстан­дық жур­на­лист әйел. Бұры­нғы лау­ре­ат­тар­дың ішін­де Кри­сти­ан Аман­пур (1994 жыл), Анна Полит­ков­ская (2000 жыл), Хади­джа Исма­и­ло­ва (2012 жыл) мен Анна Нем­цо­ва (2015 жыл) сияқты медиа тұлға­лар бар. Орта­лық Ази­ядан бұл сый­лы­қты қырғыз­стан­дық Зами­ра Сыды­ко­ва алған.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн