Суббота , 5 июля 2025

«ШЫНШЫЛ АДАМ» Желтоқсан құпиясын ӨЗІМЕН АЛЫП КЕТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Беу, дүние!


 

Алма­ты­да Қазақ ССР‑і кезін­де бас­шы қыз­мет­тер атқарған Зақаш Кама­ли­де­но­вті соңғы сапарға шыға­рып сал­ды. Ол мамыр­дың 7‑і күні 80 жасқа қараған шағын­да Алма­ты­да қай­тыс болған.

 

Зақаш Кама­ли­де­но­вті жер­леу рәсі­мі мамыр­дың 10‑ы күні Алма­ты­дағы Офи­цер­лер үйінің алдын­да өтті, деп хабар­ла­ды «Азаттық» тіл­шісі. Кезін­де Қазақ ССР мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік коми­тетін, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төралқа­сын басқарған Зақаш Кама­ли­де­но­вті ақтық сапарға шыға­рып салу шара­сын «Қаза­қстан ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті арда­гер­лері» ұйы­мы өткізді. Жер­леу рәсі­міне марқұм­мен бір­ге совет кезін­де ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның жоға­ры бас­шы­лы­ғын­да қыз­мет еткен арда­гер­лер, Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек қаты­сты. (Пре­зи­дент көңіл айту хатын жол­даға­ны тура­лы ресми ақпа­рат бол­ма­ды, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен үкі­мет­тен марқұм­ды жер­ле­у­ге өкіл кел­меді – Ред).

1991 жыл­дан кей­ін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төраға­сы қыз­метін атқарған Серік­бол­сын Әбділ­дин Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы орта­лық коми­тетінің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­нан Ген­на­дий Кол­бин кетер тұста «Зақаш Кама­ли­де­но­вті Қаза­қстан­ның бола­шақ бас­шы­сы болуы мүм­кін» деген болжам­дар болға­нын айта­ды. Серік­бол­сын Әбділ­дин оны «шын­шыл адам бол­ды» деп сипаттайды.

Оның айтуын­ша, Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін алған­нан кей­ін билік­тен кет­кен Зақаш Кама­ли­де­нов кей­ін­гі сая­си оқиға­ларға баға беріп оты­рған, кей кез­дері көңілі тол­май­ты­нын айтқан. Бірақ пікір­лерін жария еткісі кел­ме­ген. («ДАТ» газет­тер жоба­сы­ның аты­нан Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сты сұх­бат беру, мақа­ла­лар сери­я­сын ұйым­да­сты­ру ұсы­ны­лған еді. Бірақ КГБ-ның экс-төраға­сы «әлі уақы­ты кел­ген жоқ» деген уәж­бен редак­ция ұсы­ны­сын қабыл алмады).

Зақаш Кама­ли­де­нов­пен бір­ге қыз­мет істе­ген­дер­дің бірі тарих­шы Бей­біт Қой­шы­ба­ев марқұм­ды «пар­ти­я­ның адал қыз­мет­кері» деп сипаттай­ды. Кей деректер­де Алма­ты­да 1986 жылғы жел­тоқ­сан­да Қазақ ССР-ін басқа­руға Ген­на­дий Кол­бин­ді жібер­ген Мәс­ке­удің шеші­міне қар­сы­лық біл­діріп, алаңға шыққан қазақ жаста­ры­ның шеруін күшпен басқан соң, кей­ін олар­ды қуда­ла­у­ға қаты­сқан­дар­дың ара­сын­да Зақаш Кама­ли­де­но­втің де есі­мі аталады.

«Жоға­ры оқу орын­да­рын­да қазақ сту­дент­терінің саны көбей­іп кет­кен, сон­ды­қтан түр­лі ұлт өкіл­дерінің жоға­ры оқу орын­да­рын­да оқи­тын сту­дент­терінің пай­ы­зын бел­гілеу қажет» деген пікір­лер­ді Зақаш Кама­ли­де­нов айт­ты делі­неді. Бірақ оны әлі де зерт­теу керек болар. Өйт­кені оны сол кез­де­гі совет­тік бас­шы­лық солай деу­ге мәж­бүр­ле­ген сияқты», – дей­ді Бей­біт Қойшыбаев.

Билік­тен кет­кен соң, ұзақ жыл­дар бойы бас­пасөз­ге сұх­бат беру­ден тар­ты­нып кел­ген Зақаш Кама­ли­де­нов 2011 жылғы жел­тоқ­сан­дағы Жаңаө­зен оқиға­сы­нан соң «Азаттық» тіл­шісіне сұх­ба­тын­да Жаңаө­зен оқиға­сы кезін­де­гі Қаза­қстан билі­гінің әре­кетін сынаған.

Еске сала кетей­ік, Зақаш Кама­ли­де­нов 1936 жылы Қазақ ССР‑і Гурьев (қазір­гі Аты­рау) облы­сын­да туған. Мәс­кеу инсти­ту­тын мұнай­шы-инже­нер маман­ды­ғы бой­ын­ша тәмам­даған­нан кей­ін өндірі­сте жұмыс істе­ген. 1959 жылы ком­со­мол қыз­метіне шақы­ры­лған ол Қаза­қстан ком­со­мо­лы орта­лық коми­теті жетек­шісіне дей­ін өскен. 1979 жыл­дан бастап КГБ-ға қыз­меті ауы­сқан Кама­ли­де­нов гене­рал дәре­же­сіне дей­ін көтеріліп, Қазақ ССР‑і КГБ төраға­сы болған. 1985–1988 жыл­дар ара­лы­ғын­да Қазақ ССР Ком­пар­ти­я­сы орта­лық коми­тетінің хат­шы­сы, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төралқа­сы­ның төраға­сы болып қыз­мет атқарған деген аны­қта­ма тарат­ты ҚазТАГ.

Редак­ция ұжы­мы аты­нан Зақаш Кама­ли­де­но­втің отба­сы­на көңіл айта­мыз. Марқұм­ның топы­рағы торқа болсын!

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн