Суббота , 5 июля 2025

СӘКЕН-СЕРІ студенттермен КЕЗДЕСТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Жуыр­да Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің Халы­қа­ра­лық қаты­на­стар факуль­тетін­де әнші, про­дю­сер, теле­жүр­гі­зу­ші, ұстаз, «МузАрт» тобы­ның мүше­сі, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, «Дарын» мем­ле­кет­тік жастар сый­лы­ғы­ның иегері Сәкен Май­ға­зи­ев­пен кере­мет­тей кез­де­су өтті. Кез­де­суді Халы­қа­ра­лық қаты­на­стар факуль­теті «Әлем­дік эко­но­ми­ка» маман­ды­ғы­ның 1‑курс сту­дент­тері ұйым­да­сты­рған болатын.

 

Бұл кез­де­су әдет­те­гі әншілер­мен бола­тын кез­де­су­ден мүл­дем бөлек бол­ды. Себебі бұл кез­де­су­ден сту­дент­тер Сәкен Май­ға­зи­ев­ті жаңа қыр­ла­ры­нан тануға мүм­кін­дік алды. Сәкен­нің сту­дент­тер­мен болған сұх­ба­ты өнер өлкесін ғана емес, қоғам­дық орта­дағы әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді де, жастар тәр­би­есі про­бле­ма­сын да қам­ты­ды. Әнші сту­дент­тер­дің әр сұрағы­на толы­қтай жау­ап беріп қана қой­май, соны­мен қатар өзінің өмір­лік тәжіри­бесінің негізін­де жиналған жастарға аға­лық қамқор­лы­ғын таны­тып, ақыл-кеңе­стерін де айтып отырды.

Бұдан бөлек Сәкен әнші сту­дент­тер­мен қосы­лып, қызы­қты ойын­дар ойна­ды, жан­ды дауы­ста ән шырқа­ды, ал сту­дент­тер бол­са, өз өнер­лерін көр­сет­ті. Ақы­н­жан­ды сту­дент­тер кез­де­су үстін­де Сәкен-сері­ге арнап өлең шығар­ды. Осын­дай қызғы­лы­қты және таным­ды кез­де­суді ұйым­да­сты­рған 1‑курс сту­дент­терінің кура­то­ры, доцент Назым Даб­ы­л­та­е­ва, әнші­мен дидар­ла­суға дәне­кер болған Айсун­на Жұма­бек­ке сту­дент­тер алғы­ста­рын білдірді.

Ару­жан МҰСАЕВА,

уни­вер­си­тет­тің 1‑курс студенті

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн