Суббота , 5 июля 2025

ОЛИГАРХ. ол неге қарық?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Уақыт уыты


 

Алдым­да – 10 фото. Кілең бас сурет­тері. Бірінің үстіне бірін қой­ған. Әле­мі­ш­те­ген теле­граф баға­на­сы сияқты. Көзім­ді жоға­ры­дан төмен­ге, сон­соң төмен­нен жоға­ры­ға жүгірт­тім. Адам­ша кез­дескен­дерім­нің баста­ры емес, бәрі сырт­тай таны­ста­рым. Менің ғана ма – қаза­қстан­ды­қтар­дың, шетел­дік­тер­дің де талай­ы­ның сырт­тай таны­ста­ры. Газет-жур­нал, теле­ди­дар, интер­нет сайт­та­ры арқы­лы. Бұлар­дың асы­ға жолы­ғып, көз қысысып, қол қысысып, құшақ­та­сып, сүй­ісіп, рүм­ке түй­істіріп, әйтісіп-бүй­тісіп жүр­ген­дері де, әрине, аз емес шығар.

Бәрі де қоң­ды­лар­дың баста­ры екені бір­ден көрі­неді. Әсіре­се ең үстін­де­гінің күті­мі «Күтім-ақ!» дегі­зеді. Кім­дікі екен?.. «В.Ким». Е, әлгі аты­шу­лы Вла­ди­мир Ким деген бай­дікі екен ғой?!. Оның ішкені бой­ы­на жұқ­паған­да ше?!. Қаза­қстан­ның мысын оның мысы басып тұрға­лы қашан?!.

Ең төмен­де­гі бас қана аздап нелеу… жұтаң­дау, жоқ, жүде­улеу, жо-жоқ, ары­қтау… «Б.Байсеитов» дей­ді. Бай­лы­ғы «449 000 000 дол­лар» деп­ті. Он бастың ең кедейі екен. Тағ­дыр-ай… 0,5 мил­ли­ард дол­лар ғана. Неша­уа, Бақыт­бек мыр­за, бар қимыл-қаре­кетің алда сияқты, келесі жылы анау Вла­ди­мир Ким, Болат Өте­мұра­тов, Тимур Құлы­ба­ев, Дина­ра Назар­ба­е­ва, той­ыст – Құлы­ба­е­ва, Али­джан Ибра­ги­мов деген «тар­лан» мил­ли­ар­дер­лер­ді қуып жете алма­саң да, Рашит Сәр­се­но­вті тақым­дар­сың, – оған дей­ін ол өрлеп кете­ді де, орны саған босай­ды, тек өзің­мен бәсе­ке­лес Кеңес Рақы­шев­ты, Дәу­рен Жақ­сы­бе­ко­вті, Еркін Тәті­шев­ті қалай­да айна­лып өтіп, алда­ры­на түсуді жат­пай-тұр­май ойла.

Соңғы «ДАТ»-тың (12. 05. 2017 ж.) «50 сверх­бо­га­тых Казах­ста­на» деген мақа­лаға үңіліп оты­рға­ным­да, жаны­ма кел­ген жиенім Әбен: «Сверх­бо­га­тых» демей, мәде­ни­ет­ті тіл­мен «оли­гарх» деу керек еді» деп қал­ды. «Е, «оли­гарх» деген не?» деп едім: «Сөздік­тер­ден тауып ал, керек бол­са» деп қыңы­рай­ып, бөл­мем­нен шығып кетті.

Әйт­кен­мен, жиенім­нің тілін ила­нып, қолым­да бар «Тол­ко­вый сло­варь В.Ушакова» деген­ді алып, әліп­пе реті­мен әріп­тер­ді қуа­лап оты­рып, «Оли­гарх» деген­ге тіреліп, оқы­сам: «аку­ла биз­не­са, динат, капи­та­лист, маг­нат, плу­то­крат, пра­ви­тель, финан­со­вый воро­ти­ла, член оли­гар­хи­че­ской вла­сти, лицо, при­над­ле­жа­щее к куч­ке экс­плу­а­та­тор­ско­го мень­шин­ства, осу­ществ­ля­ю­ще­го свое гос­под­ство путем наси­лия, тер­ро­ра и под­ку­па» деп тұр.

О, сай­тан-ай, бар-жоғы 7 әріп­ті «оли­гарх­тың» мұн­ша­ма быжы­наған ата­уы болға­ны несі?!. Бірақ сөзді зерт­те­уді кәсіп еткен­дер қай сөздің бол­сын мәнін біледі ғой. Ал мен мынау шұбы­рған түсінік сөз­дер­ді ой қаза­ны­ма салып қай­на­тып-қай­на­тып, кірік­тіріп, өзім­ше: «Оли­гарх. Ол неге қарық? Әрине, арам ақшаға қарық!» деп түй­дім. Дұрыс па? Дұрыс! Қазе­кем­ше айтқан­да, шірі­ген 50 бай­дың ішін­де­гі мына 10-ның қалай бай­ы­ған­да­рын аны­қтап беріңіз­дер. Оған дей­ін мен мына біл­генім­ді айтайын:

Шетел­дер­де­гі ең бай адам­ның бірі – Илон Маск. Инже­нер. Оңтүстік Афри­ка рес­пуб­ли­ка­сын­да туып-өскен ақ нәсіл­ді. Сол елдің және АҚШ пен Кана­да­ның аза­ма­ты. 46 жаста. Адал еңбе­гі­мен 28 жасын­да мил­ли­о­нер болған. Биз­неске қадам жасаға­ны­нан бастап халы­ққа адал қыз­мет істеп келеді. «Халы­ққа» деген­ді «адам­за­тқа» деп айтуға әбден бола­ды. Оның ойлап табуы­мен, ұйым­да­сты­ра білуі­мен дүни­е­жүзілік мәні бар небір ғала­мат жақ­сы істер жүзе­ге асты және жаңа­дан жасай­тын игілік­терінің жос­па­ры оған аза­мат­тық құқын сұрат­пай бер­ген елдер­ді келе­шек­ке құл­шын­ды­рып отыр, себебі: Илон бастаған ғалым­дар тобы­ның ғылы­ми-тех­ни­ка­лық, эко­но­ми­ка­лық көме­гі жал­пы адам­заттың жан-жақты дамуы­на қарқын­ды ықпал етіп келе жатқа­ны­на көз­дері жетті.

Мил­ли­ар­дер Илон Маск өз отба­сы­ның қара­пай­ым тір­шілі­гіне жетер­лік қар­жы­ны мөл­шер­ле­ген де, одан арты­лған­ды шын мәнін­де адам­заттың мүд­десіне жұм­сап жүр. Ол еңбе­гі­мен есе­лен­ген ақша­сын жос­па­рын­дағы келесі игілік­ке береді. Қысқа­сы: Илон­ның адам­гер­шілік әре­кет-қимыл­да­рын айтып тауы­са алмай­мын, яғни оны­мен интер­нет арқы­лы таны­сы­ңы­здар, бір сәт те өкін­бей­сіз­дер дей аламын.

 

Газет­те­гі мынау 10 оли­гарх­тың Илон Маск­ті сырт­тай білетін­дері сөз­сіз, бірақ бұлар оған елік­те­мей­ді деп ойлай­мын, өйт­кені бұлар­дың көкей­ін өзім­шіл­дік тес­кен. Бұлар­дың қал­та қағи­да­ла­ры – «Өзі­ме! Өзі­міздікіне!». Мысал десеңіз­дер, кәне, сұрақ-жау­ап жасап көрелік (мен де «өзім» сырт­тай білетін төр­те­уінің төңіре­гі­нен ұзамаймын):

1. В.Ким Қаза­қстан­ның жаңа мыс өндірісіне нен­дей жаңа­лық жаса­ды? Жаңа мыс кені қой­ма­сын ашты ма? Мыс өндірудің тиім­ді тәсілін тап­ты ма? Мыстың сапа­сын жақ­сар­та­тын ұсы­ныс жаса­ды ма? Таза жалақы­сы­мен, ел үшін пәлен де түг­лен еңбе­гіне сый­лық алу­мен мил­ли­ар­дер бол­ды ма? Арғы-бер­гі елдер­мен ондай да мұн­дай, әлбет­те, әуелі өзіне тиім­ді шарт-келісім жаса­су­мен, бере­ген қолым алаған­мен мил­ли­ар­дер бол­ды емес пе?

2. Б.Өтемұратов ше? Бас­пасөз­де әлде­не­ше жазы­лған­дай, анау банк­ті алып, оны мынау банк етіп сату­мен бай­ы­ға­ны бекер ме?

3. Т.Құлыбаев пен Д.Құлыбаева ше? Естуім­ше және бас­пасөз­де сан рет жария етіл­генін оқуым­ша, бұлар мұнай мен газ, т.б. жақтар­ды жыл­мағай­лап, шылқа бай­ы­ды. Шетел­дер­де хан сарай­ын­дай үйлері, бау-бақ­ша­ла­ры бар екені­нен, Тимур мыр­за­ның Гога деген тоқа­лы, бала­сы, ола­ры­ның ғима­ра­ты, жеке мен­шік ұшағы бары­нан мен де хабар­дар­мын. Сон­дай-ақ Т.Құлыбаевтың Илон Маск­ше халы­ққа қыз­мет етудің орны­на анау бір жылы мұқтаж, мүге­дек адам­дар ұжы­мы­на бұрын әлде өзі сый­лаған, әлде сатқан үйді екі жыл­дан соң сот­та­сып жүріп тар­тып алға­ны жұр­тқа мәлім. Мил­ли­ар­дер­лі­гін қайт­сын-ай, өзі бас­па­наға зәру болып қалған ғой?!

4. А.Ибрагимов кім? Бұл мыр­за, егер «Нева­да-Семей» қозға­лы­сы­ның құзы­рын­дағы Акци­о­нер­лік қоғам­дық қор «қай­рат­кер­лерінің біре­гейі» Ибра­ги­мов бол­са, е, мұны кім біл­мей­ді?.. Ақын Олжас Сүлей­ме­но­втің жоба­сы­мен құры­лған ол қор: «Семей поли­го­ны­нан тауқы­мет тар­тқан жұр­тқа мате­ри­ал­дық-мораль­дік көмек бере­міз!» деп ұран­дап, үкі­мет­тен алға­ны, халы­қтан жинаға­ны бар 12–13 мил­ли­ард дол­лар­ды ақы­рын­да Маш­ке­ви­чі, Шоди­еві, Берен­бу­мы және басқа­сы бар – бәрі өза­ра бөліс­ке салып, көмек­ке өте мұқтаж ондаған мың семей­лік­тер­ге 1 дол­лар бер­мей кет­кен­дер­дің бірі осы Ибра­ги­мов қой?! 1993 жылы бұлар­дың қоя­сын ақтарған ресми тек­се­ру болған, акт жасалған, ол акт «Бір­ле­су-Еди­не­ние» газетін­де жари­я­ланған. Алай­да О.Сүлейменовтің «сүй­ен­гені мықты болып, сүй­кен­генін жығып», серік­терін аман-сау сақтап қалған, ал бұл доста­ры ол қамқор­лы­қты, әрине, ешқа­шан ұмытпас.

Соны­мен, бұл оли­гарх­тар Қаза­қстан­ның халқы­на, көмек­ке аса мұқтаж жеке ұжым­дар мен адам­дарға қан­дай жақ­сы­лық жаса­ды? Мәсе­лен, бас­па­наға жыл­дап қолы жет­пей сен­деліп, неме­се емде­лу­ге қара­жат тап­пай дағ­да­рып жүр­ген кім­дер­ге, қашан қол ұшын бер­ді? Аста­на­да Н.Назарбаевтың 91 порт­реті­мен қорғанған отба­сы­ның үйі қира­ты­лға­ны­на қын­жы­лға­ны бар ма? Неме­се биыл елі­міздің жүз­де­ген ауы­лын су басты, олар­дың ішін­де бұл оли­гарх­тар­дың да ауы­лы бар болар, сол апат­тан мың­даған адам үйсіз-күй­сіз қал­ды, соларға қай­сысы қан­ша­лы­қты көмек көр­сет­ті?.. Есті­ген, оқы­ған жоқ­пыз, жым-жырт.

Қинал­май тапқан қыру­ар ақша­сын банк­тер­ге тасып, үсте­ме алып, оны­сын есе­леп баю­мен қай ұшпаққа шық­пақ бұлар?

Осы 50 алпа­уыт­тың қал­та­ла­рын­да Қаза­қстан­ның неше жылғы бюд­жеті жатыр екен?

Шек­тен тыс бай­дың – «оли­гарх­тың» кім екенін жоға­ры­да аталған сөздік төбесі­нен түс­кен­дей түсін­діріп бер­ген ғой!

Сәкен ЕЛШІБЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн