«Общественная позиция»
(проект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.
Соңғы екі-үш күннен бері Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры (БЗЖҚ) қаржысы есебінен 71,3 миллиард теңгенің Әзербайжан халықаралық банкісіне инвестициялануы төңірегінде шу шықты. Бұл банкі әлемдік мұнай бағасының түсіп кетуіне байланысты өзінің валюталық төлемдер жасау мүмкіндігі мен міндеттерін доғарған еді. Яғни, БЗЖҚ-ның 200 миллион долларға жуық қаржысы банкрот банкімен бірге күйіп кетті деген сөз.
Ал мұндай проблемалық банкіге біздің зейнеткерлерлік қордың қаржысы қалай және кімнің шешімімен инвестицияланды? Әрине, бұл орайда инвестициялық саясатты дұрыс жүргізе алмаған БЗЖҚ менеджерлері жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бірақ қор қаржысын халықаралық жобаларға салу жөніндегі шешімді менеджерлер өз бетімен шеше алмайтыны анық. Бұл шешімді қабылдайтын – Қазақстан Президентінің әкімшілігі екен. Бұл жөнінде кеше мәжілісте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Азаттық» тілшісіне былай деп (қаз-қалпында) мәлім етті:
«Сведения о том, куда инвестируются средства ЕНПФ, мы получаем через совет (по управлению пенсионными активами. – Ред.). Наша основная обязанность – обеспечить передачу пенсионных накоплений каждому гражданину, когда он выйдет на пенсию», – депті министр Дүйсенова «Азаттық» тілшісі қойған сұраққа.
Ал бұл қандай совет (кеңес), оның құрамында кімдер бар? Енді белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевтың сөзіне көңіл аударыңыз (жолма-жол):
«Председателем совета является глава государства (яғни, президент Назарбаев – Ред.). Сюда же входят премьер-министр и его первый заместитель, председатель сената, председатель мажилиса, руководитель администрации президента, председатель Нацбанка, председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета, министр финансов и министр нацэкономики. При этом рабочим органом совета является не правительство, а администрация президента».
Бұдан шығатын қорытынды – БЗЖҚ тарапынан жіберілген өрескел кемшіліктің жауаптысы – ел Президентінің өзі, Президент әкімшілігі және оның жетекшісі Әділбек Жақсыбеков. Енді алдағы жуық күндердегі нәтижені күтейік: «егінге түскен ешкілер» белгілі болады…
Ермұрат БАПИ