Пятница , 4 июля 2025

Есалаң ӨЛЕҢ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 


 

 

…Сона­дай жерде

Күр­кіл­деп бара

жатқан

Нән бір тракторды

Құты­рған ит келіп,

Бір қауып өткені.

Сол кез­де

Бай­ғұс трактор

Басы­на ие бола алмай,

Дарыл­дап,

парыл­дап,

Жын­да­нып кеткені…

 

Апыр-ай!

Құдай­дың атқаны-ай:

Үп еткен желі жоқ,

Тып-тыныш күні

Әне бір қос ағаштың

Бір-бірінің

Шашын жұлып,

Бір-бірін

Саба­лап

жатқа­ны-ай…

 

Көріп тұр­мын:

Бір сұр тышқан

Бүкіл әлем­ге

Көк­тө­бенің үстіндегі

Алып мұна­раға

Шығып қара­ды…

Кран біт­кен­дер

Шәң­гек­тері­мен

Іліп ап,

Лақты­рғы­сы кеп,

Бір-бірін

Қуып бара­ды…

 

Қала­дан безініп,

Далаға шығып ем:

Үйір-үйір

жылқы­лар­ды

Шашау шығар­май,

Ақы­рып жинаған

Есек бастап тұр…

Төбе басын­да

Семіз бір шошқа

Кесек-кесек

Алтын асап,

Күмі­стен

Тезек тастап тұр…

 

Еса­лаң әлем бұл –

Еса­лаң өлең бұл…

Темір­хан МЕДЕТБЕКОВ,

ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сыйлығының

лау­ре­а­ты

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн