Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШ ПАРИЖДІ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Супер­жұл­дыз


 

• Әлем­ге таны­лған қазақ бала­сы Димаш Құдай­бер­ген Пари­жде әлем­дік жұл­ды­здар­дың алдын­да ән салды.

 

Димаш Құдай­бер­ген Пари­жде Global Gift Gala қай­ы­рым­ды­лық кешін­де әлем­дік жұл­ды­здар­мен бір­ге қызыл кілем үсті­мен жүріп өтіп, талай­ды таң­дай қақты­рған ән шырқа­ды. Еске сала кет­сек, Дима­шты. Global Gift Gala қай­ы­рым­ды­лық кешіне бел­гілі аме­ри­ка­лық актри­са Ева Лон­го­рия (сурет­те) шақы­рған бола­тын. Біздің ұл бұл кеш­те Селин Дион­ның All by myself әнін орындады.

Айта кетей­ік, Global Gift Gala – мұқтаж жан­дарға көмек көр­се­туді мақ­сат еткен, бала­лар про­бле­ма­сы­ның шешу жол­да­рын ұсы­нып, отба­сы мен әйел­дер құқы­ғын қорға­уға бағыт­талған халы­қа­ра­лық баста­ма. Әр жыл­да­ры бұл шараға Вик­то­рия Бек­хэм, Рик­ки Мар­тин, Николь Шер­зин­гер және тағы басқа жұл­ды­здар қаты­сқан. Global Gift Gala кон­цер­ті жыл сай­ын әлем­нің әр түк­пірін­де өткізіліп тұра­ды. Кеш бары­сын­да гол­ли­вуд жұл­ды­зы Ева Лон­го­рия Дима­шты биге шақырды.

Dalanews.kz

 

 

НЕГЕ БІЗ ӨЗ ДИМАШЫМЫЗДЫ ҚЫТАЙ АРҚЫЛЫ ТАНЫДЫҚ?

 

Жал­пы, біз өте осал ұлтқа айна­лып­пыз. Күпін­бей­тін жер­де күпініп, мақтан­бай­тын жер­де мақта­нып, әйте­уір бар даңғой­лы­ғы­мы­зды әлем­ге әйгіле­ген­де, алды­ға жан сал­май­тын бол­дық. Өз іші­міз­де­гі мықты­ны Қытай келіп, бастан таяқ­пен ұрып тұрып мой­ын­дат­па­са, мой­ын­да­май­тын тоң­мой­ын, қай әннің есті, қай әннің есер екенін тың­дай алмай­тын бітеу-керең, ненің игі, ненің жаман екенін көр­мей­тін көр­соқыр ел секіл­ді күй­ге түсіппіз.

Әрине, ұлт­ты кінәлау оңай. Бірақ, Димаш қазір Қытай сахна­сы­на шық­паған жағ­дай­да не болар еді? Қай­рат Нұр­та­стың өлер­мен дау­сы­на ырға­ла билеп, Төреға­ли­дың «жасан­ды қылы­ғын» бір көруді арман етіп, аузы­мы­здан суы­мыз құрып оты­ра берер едік. Баян тәтем не шоу жасар екен деп, екі құлағы­мы­зды «қай­шы­лап», жаңа­лық күту­мен сары­лар едік.

Қытай: «Ей, қазақ! Сенің талан­тың мына – Димаш» деп, біздің көзі­мізді ашты. Дима­шты қазақ сахна­сын­да Димаш ете алмаға­ны­мыз үшін намыстан жары­луға тиіс қазақ «Димаш Қытай­ды, қала бер­ді әлем­ді мой­ын­дат­ты» деп күпін­гені бей­ша­ра­лы­ғы­мы­здың белгісі.

Неге шын талант әлем­ді өзіне қарат­пай, біз оның қарым-қабілетін баға­ла­май­мыз? Неге Дима­шты Қытай­сыз-ақ бүгін­гі­дей бүкіл қазақ (қазақ таны­ған­ды әлем таны­са жара­сым­ды емес пе?) тани­тын дәре­же­ге жет­кі­зе алма­дық? Неге әнші-құш­на­штар қап­таған теле­ар­на­лар­дан Дима­штың әндері беріл­мей кел­ді? Қай­рат пен Төреға­ли деп жыр­ты­лған қазақ 365 күн­нің бір күнін­де неге Дима­штың бір әнін тың­да­ма­ды? Осын­дай талант­ты әншінің осы­ған дей­ін ел ішін­де бір хит әнінің бол­мауы ненің белгісі?

Бұл да менің­ше – бей­ша­ра­лық. Өз жақ­сы­мы­зды таны­май, тани­тын өре, білім, таным­ның бол­мауы қуа­на­тын жағ­дай емес…

Шәрі­п­хан ҚАЙСАР,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн