«Общественная позиция»
(проект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.
Апта аптығы
Дөп сөз!
2017-ші жыл, 1017-ші емес. Таңым бар. Бір адам 18 миллион адамды ұстап отыр.
Ататынын – атқызып, қамайтынын – қаматқызып, сататынын – сатқызып, ойына келгенін істеткізіп, біз отырмыз. Сөйте тұра, малсың десе ренжиміз…
• Еділ Мәкеннің ФБ-парақшасынан
Бүгінгі қуғын-сүргін
Мамырдың 21-і күні Алматыда жер митингісін өткізу жолындағы қамаулар мен қудалауларға бір жыл болды. Жерді сатуға наразылық белгісі ретіндегі акциялардан түсірілген мына сурет (ауторы – журналист Ораз Әлімбеков) халықтың қарсылық символына айналған еді.
Сонда «ДАТ» осы суретті газеттің бірінші бетіне тұтастай салып, полицайлар қамауға әкетіп бара жатқан жігері жасымаған, жанары жанған осы жігітке іздеу салған-ды. Сол жігіт табылды. Фейсбук желісін пайдаланушы Ерқанат Тұрсынжанұлы өзінің парақшасында: «21 мамырдағы батыр жігітіміз – Берік Тастан! 20 жаста! Алматы облысының тумасы! Өз елінің патриоты! Былтыр ғана ЖОО бітірген! Намысшыл жігіт! Бастысы – болашаққа деген сенімі өзгеше…» – деп жазған екен.
Иә, шынында да Беріктің болашаққа деген сенімі «өзгеше» екен: бүгінгі биліктің бет алысынан басқа болғаны. Ол жерін қорғау жолында сотталып кеткен Макс Боқаев пен Талғат Аян сияқты былтырғы митингілердің символы болған жігіт! Суретін біздің газеттің тұтас бірінші бетіне салып, батыр жігітке іздеу салсақ та, таппаған едік. Таппағанымыз – қарапайым жігіт болғаны ғой: мақтаншақ, марапатшыл біреу болғанда «Іздеген батырларыңыз мен болам!» деп, кеуде қағып келер еді. Газеттен де, интернет беттерінен де өз суретін көре жүріп, «мен – мұндамын» демеді. Яғни, тастай Тастан үшін өзінің жерін қорғау – қарапайым ғана азаматтық міндет болғаны. Жарайсың, бауырым!
Ертең қазақтың басына әлдеқандай күн туған болса, ел ішінде жүрген Тастан сияқты тастай жігіттер атойлап шығары сөзсіз. Тастан жаралғандар тасада қалмайды.
Сонда мына суретте Берікті сүйреп бара жатқан «мент» сорлылар бұғып қалады. Себебі – олар биліктің айтақтауын ғана түсінетін бейшаралар…
Ермұрат БАПИ