Пятница , 4 июля 2025

ШЕКАРАДА ТОНАЛҒАН жесір анаға қатысты сот өтеді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Апта апты­ғы


 

 

Осы жыл­дың 8 ақпа­ны күні Қытай­дан Қазақ Еліне көшіп келе жатып, «Май­қап­шағай» (ШҚО) кеден­дік бақы­лау бекетін­де 59,900 АҚШ дол­ла­ры кеден­шілер тара­пы­нан тәр­кі­лен­ген жесір ана Гүл­жан Мәуіт­ханқы­зы­на қаты­сты апел­ля­ци­я­лық сот оты­рыс 1‑ші мау­сым күні Өске­мен қала­сын­да өте­ді, деп хабар­лай­ды Baq.kz тілшісі.

 

Қазақ қоға­мын­да зор дүм­пу туды­рған аты­шу­лы бұл оқиғаға күл­лі жұрт назар ауда­рып оты­рға­ны бел­гілі. Әсіре­се, өзге елдер­ден ата­жұр­тқа ора­лу­ды мақ­сат еткен сан мың­даған қан­дастар­дың осы оқиға­дан соң, буу­лы тең­дерін қай­та шешіп, ойла­нып, қорқақтап қалға­ны жасы­рын емес.

«Апел­ля­ци­я­лық сот оңтай­лы шешім шыға­рып, өз ақшам­ды өзі­ме қай­та­рар деп үміт­те­не­мін. Ал, ол ақша қолы­ма тиме­се, екі балам мен келінім­ді, інім­ді, оның бала-шаға­сын қосқан­да 8 адам бас­па­на­сыз, тиын­сыз дала­да қалға­лы тұр­мыз», – дей­ді жесір ана.

Baq.kz

 

 

Айт­пақ­шы

 

Гүл­жан апай­ы­мыз Қаза­қстанға келіп, әділет­сіздік­тің, руха­ни тоғы­шар­лы­қтың құр­ба­ны болып оты­рған жан. Бала-шаға­сын елі­міз­ге барып күн көре­міз, осы жақта неме­ре сүй­е­мін деп, бүкіл өмірін соған арнаған ана­ны Ота­ны тонап, бір тиын­сыз, дала­да қал­ды­рып отыр! Сон­да арғы бет­те­гі басқа біздің қан­дастар не ойлай­ды? Біз­ге бүй­ре­гі бұры­ла ма?

Бұл мәсе­ленің мем­ле­кет­тің ими­джіне кері әсерін бөлек әңгі­ме! Бүкіл Қытай ақпа­рат құрал­да­ры «біз ақша­сы­мен жібер­ген қазақ әйелін қаза­қтар тонап алып­ты десе», мем­ле­кет­тің бет-әлпе­ті қалай болады?

Құқы­қтық аспек­ті мүл­дем­ге сорақы! Құзыр­лы орган­дар ол кісілер­ді 25 күн Зай­сан­нан шығар­май, алдап-арбап, өздеріне қажет­ті құжат­тарға қол қой­ды­рып алған! Не кирил­ли­ца біл­мей­тін, не орыс­ша біл­мей­тін жан­дар­ды жылан тәрізді қорқы­тып, дөрекілік көр­сетіп, бүкіл құжат­тар­ды қай­та­дан жазып отырған!

Бұл жер­де мым­ан­дай кіл­ти­пан бар. Про­ку­ра­ту­ра сотқа істі жібер­ген кез­де, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан жібе­реді. Сон­да бір-екі өкіл жесір қазақ әйел­ге бүкіл мем­ле­кет­ті қар­сы қой­ып отыр!

Ал, мем­ле­кет­ке ешқан­дай нұқ­сан кел­ген жоқ. Ешқан­дай кон­тра­бан­да жоқ. Ол кісілер сол сома­ны ашық алып кел­се, бір тиын салық төле­мей­ді. Өйт­кені заң­да салық төлеу қарас­ты­рыл­маған! Тек декла­ра­ция тол­ты­рып өте бересің. Қан­дай тас­ба­уыр­лық, руха­ни құл­ды­рау! Бас про­ку­ра­ту­ра­ның құлағы­на жете­ді деп ойлаймын!

Ерлан Сай­ы­ро­втың ФБ-парақшасынан

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн