Четверг , 15 мая 2025

БОПСАЛАУШЫЛАРБОСТАНДЫҚТА ЖҮР, жәбірленушілер – түрмеде

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

 

Аты­ра­удағы арсыздық


 

 

Бұл жігіт – Артур Ешмұра­тов – Аты­рау қала­сын­да резо­нанс туды­рған «поли­ция қыз­мет­кері ісінің» менің қорға­уым­дағы жәбір­ле­ну­шісі. Бұған дей­ін өткен сот­та поли­ция қыз­мет­кері «жәбір­ле­ну­ші» Өте­уов «істі болған» Артур Ешмұра­то­втан кешірім сұраған­ды­қтан, про­ку­рор айып­та­удан бас тар­тқан еді.

 

Бірақ, судья Ойқұ­ло­ва Ешмұра­то­вты қамауда қал­ды­ру тура­лы үкім шығар­ды. Содан бер­гі бір апта бойы Артур еке­уміз про­ку­ра­ту­ра­да іспен таны­сып жүрміз.

Бұл жағ­дай ешбір ақы­лға қоным­сыз: Ешмұра­тов қамауда оты­ра­ды да, 11 поли­ция қыз­мет­кері бостан­ды­қта, отба­сы­ла­ры­ның қасын­да жүреді. Күні кеше тек қана бір поли­ция қыз­мет­кері қамауға алын­ды. Аны­ғын­да, ол қыз­мет­кер өзін­ше, өз-өзіне «қол жұм­сап», «асы­лып өлгісі» кел­ген екен. Ол тура­лы адво­ка­ты Жол­бо­лов жазды.

Қазір­гі уақыт­та Артур мен Өте­уов еке­уін де тер­геу изо­ля­то­ры­нан (СИЗО) сотқа бір көлік­пен алып келеді. Қорға­уым­дағы Ешмұра­то­втың қолы­на кісен салы­на­ды да, аталған поли­ция қыз­мет­кері бос жүреді. Сон­да сот­та­лушы­лар­ды екі түр­лі тәр­тіп­те ұста­уды қалай түсі­ну­ге болады?

Айта кетей­ін, кезін­де Аты­ра­уда Халық Батыр­ла­ры­ның соты болып жатқанда,Талғат Аянов қасын­да оты­рған бір адам­ның ары­зын беріп, сол арыз иесіне көмек­те­суім­ді сұра­ды. Арыз иесі Н. деген аза­мат­тың жазуы бой­ын­ша, қазір жүріп жатқан поли­ция қыз­мет­кер­леріне бай­ла­ны­сты іске қаты­сы бар екен. Істің мән-жайы Ешмұра­то­втың ісі­мен ұқсас. Аты­рау қала­сын­да бір топ поли­ция қыз­мет­кер­лері сот­ты болып, шар­тты түр­де жүр­ген аза­мат­тар­ды ақша­лай бопса­лап, шан­таж жасай­ды. Егер де аза­мат­тар ақша беру­ге келіс­пе­се, оларға жалған іс қозғап, түр­ме­ге оты­рғы­за­ды. Осы­лай У. деген аза­мат­ты 2013 жылы түр­ме­ге оты­рғы­за­ды. Оның алдын­да осы аза­мат­ты ұрлап алып кетіп, ұрып-соғып, бей­іт басы­на тастап кете­ді. Ол жігіт шағым­дан­бау, арыз жаз­бау үшін, оған жалған іс қозғап, ақы­ры түр­ме­ге отырғызады.

Үшін­ші оқиға – сол поли­ция қыз­мет­кер­лерінің қыл­мыстық тобы Т. есім­ді аза­мат­ты бопса­лап, қой­ма­стан ақша талап етіп, үй ішінің маза­сын алып, соңын­да аза­мат­тың өз-өзіне қол жұм­са­уы­на себеп бола­ды. Қысқа мерзім ішін­де осы поли­ция қыз­мет­кер­лерінің қыл­мыстық тобы жасаған заң­сыз іс әре­кеті­мен түр­ме­ге оты­рғы­зы­лған төрт істі аны­қта­дым. Бұл осын­дай үлкен қыл­мыстар­дың шеті ғана.

Мен, Н. аза­мат­тың тума­ла­ры­мен кез­дескенім­де, олар бұл іске қай­та­дан ара­ла­су­дан басқа бала­ла­ры­мы­зға кесір тиеді деп қорқа­ды. Қазір­гі уақыт­та тер­геу жүр­гізіп жатқан про­ку­ра­ту­ра тер­геу тобы­ның жетек­шісіне қысым көр­сетіліп жатыр. Осын­дай сұм­ды­қты көр­ме­ген кей­бір про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­леріне Аты­рау қала­сы­нан кету­леріне тура келді.

Аты­рау шағын қала болған­ды­қтан, ешқан­дай сыбыс жасы­рын қал­май­ды. Бірақ бәрі – бәрін біл­се де, халық үнсіз. Осы­лай үнсіз оты­ра беріңіз­дер! Күні ертең, жазы­қ­сыз жәбір­лен­ген аза­мат­тар­дың қазір­гі жағ­дай­ла­ры әрқай­сы­ңы­здың баста­ры­ңы­зға түс­се, сорақы­ны сон­да көресіздер!

Әсел НҰРҒАЗИЕВА,

құқы­ққорға­у­шы

заң­гер

Аты­рау қаласы


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн