Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Кеше әлем­ге әні­мен әйгілі болған Димаш 23 жасқа тол­ды. Осы туған күн орай­ын­да әле­умет­тік желілер­де Дима­шқа арналған тілек­тер ағы­нын­да тоқтау бол­ма­ды. Біздің газет редак­ци­я­сы­на ондаған тілек-хат келіп түсті. Төмен­де сол тілек­тер­дің өлең­мен өріл­ген бірін жария еттік.

 

Арал­дай аң бас­паған, жан баспаған,

Жанар­дай құпи­я­сын жанға ашпаған,

Төгіл­ген нұр сәу­ле­дей күн астынан

Көрін­ген Димаш қалқам алғаш маған.

 

Пей­і­ш­тен ұшып жет­кен қарлығаштай,

Пері­ш­тем, жан­ды дау­сың сандуғаштай.

Самал­мен жапы­рақтай діріл қаққан

Бар әлем балқып барып әнге ұласты-ай.

 

Сұлу­дың сәу­лесін­дей күн­ді ұрлаған,

Бұрым­ның шол­пы­сын­дай сыңғырлаған.

Жүре­гі қыз біт­кен­нің аттай тулап,

Іреңі әнге тұн­ды мың бір ғалам.

 

Сезім­дей іңкәр­лік­тен арылмаған,

Өзің­дей сирек туар дарын­ды адам.

Аққу­дың сым­пы­лын­дай сорғалаған,

Айнал­дым әуезің­нен мамырлаған.

 

Бота­дай ерке, нәзік сүйкімдісің,

Жата алмай көңіл­ге жыр, күй тұн­ды шын.

Сүм­біл­дей жаның таза сымбаттысың,

Сүм­бі­ле жаң­бы­рын­дай сиқырлысың.

 

Бөгел­мей еркін самғап көр­кем үнің,

Деген­дей: «Мен қаза­қтың ертеңімін».

Дида­рың күн нұры­мен шағылысып,

Сұлу­дың есін алған еркелігің.

 

Сезім­де мың бір күй­дің сазы бардай,

Көзің­де пері­ш­тенің назы бардай.

Көр­кің мен күміс үнің ұласқанда,

Дер­ті­нен тың­даған жан жазылардай.

 

Қыз­жі­бек

ЖАРҚЫНБАЕВА,

Алма­ты облысы

 

 

96 жастағы ана­ның арма­ны: ДИМАШТЫ КӨРІП КЕТСЕМ

 

Фран­ци­яда 96 жастағы әже Дима­шты бір көруді арман­дап жүр. Ұлы­ның айтуын­ша, ана­сы Мама­хи Дима­шты сүй­іп тыңдайды.

 

Фран­ци­яда Эдгар есім­ді аза­мат Дима­шқа өтініш біл­дір­ген екен. Ол өз хатын­да ана­сы­ның өтіні­ші тура­лы жазған. «Димаш, сіз­ге анам­ның жалғыз тіле­гі тура­лы айтып бер­гім келеді. 96 жастағы Мама­хи есім­ді анам сізді қат­ты жақ­сы көреді. Сөзі­ме сеніңіз. Ол маған соңғы тіле­гін айтып жатыр. О дүни­е­ге аттан­бас бұрын, сізді өз көзі­мен көр­гісі келеді. Күн сай­ын сіз тура­лы жаңа­лы­қтар айтып оты­руым­ды сұрай­ды. Соңғы шыққан әндеріңізді тың­дап, виде­о­ла­ры­ңы­зды қарай­ды. Мен оған осы арма­нын орын­да­уға уәде еттім. Жара­ту­шым маған көмек­те­сер деген үміт­те­мін. Ізгі ниет­пен, Эдгар», – деп жазы­лған хатта.

Stan.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн