Четверг , 1 мая 2025

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА: ҚАЙРАТ ПЕН ДИМАШЖЕР МЕН КӨКТЕЙ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Қаз-қал­пын­да

 


 

 

Қаза­қтың бұлбұл әншісі Бибі­гүл Төле­ге­но­ва Димаш Құдай­бер­ген мен Қай­рат Нұр­тас тура­лы ойын біл­дір­ді. Ол қос әншіні салыс­тыруға да кел­мей­тінін айтты.

«Еке­уі жер мен көк­тей. Мен айтар едім, Нұр­тас деген – жер, ал біздің Димаш – көк. Көк аспан­да нағыз бүкіл жер жүзіне барып, қай­да бар­са да, оны қаза­қтың әншісі деп… Ол қаза­қтың әні­мен әлем­нің құлағы­ның құры­шын қан­ды­рып жүр­ген адам. Қалай­ша олар­ды салы­сты­ра­мыз? Нұр­та­сты мен тек қана той­дан көре­мін», – деді Бибі­гүл Төлегенова.

Бұлбұл әнші Қай­рат­ты сынаға­ны үшін елден сөз есті­генін де жасыр­ма­ды. Алай­да кім не десе де, Төле­ге­но­ва дегені­нен қай­тар емес. «Қай­рат Нұр­та­сты мен түсін­бей­мін. Маған ол үшін ұры­сып та жатыр. Бірақ мен ондай әншілер­ді әнші демей­мін, ол – орын­да­у­шы. Ол той­да айта­тын әнін айтып жүреді. Кім­ге керек ол? Ал Димаш бүкіл әлем­ге шығып, қаза­қтың атын көтеріп жатыр», – деген екен әйгілі әнші.


 

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн