ХАНДАР «ПАНТЕОНЫ»: кімдер жатқанын білеміз бе?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Апта аптығы

 

АнекDAT

 

 

– Мына билік қашан ауысады, ата?

– Сәл шыда, балам. Әлгі пантеондары бітсін, сосын ауысатын шығар…

Мықтыбек ОРАЗТАЙҰЛЫНЫҢ ФБ-парақшасынан

 

 

 


 

Астанада салынбақ пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды. Ал Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жатқан жүздеген адамның Абылай ханнан басқаларының сүйегі әлі күнге дейін ғылыми негізде зерттелмеген.

 

«Азаттық» тілшісі Түркістанда 14-ғасырда салынған, қазақ тарихында орны бар жүздеген әйгілі тұлға – хандар мен билер және батырлардың сүйегі жатқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, «пантеон» деген ресми мәртебесі жоқ ол орын-ның қазіргі күйін көріп қайтты. Түркістандағы кесенеге кіре берісте ондаған адам-мен сөйлескен тілші олардың көбінен «бұл жерде Қожа Ахмет Яссауи жатқанын ғана білеміз, оның маңына кімдер жерленгенінен бейхабармыз» деген жауап ал-ды.

Сол адамдардың бірі – Жамбыл облысы Қаратау қаласының тұрғыны Алма Па-зылова ата-анасы мен балаларын ертіп, «халықтың тыныштығы мен бала-шағасының амандығын тілеп», алғаш келген беті екен. «Кесенеде қазақтың хан-дары мен билері, батырлары жерленгенін көрдік. Бұл жерде олардың жатқанын білмедім. Кесенеде жерленген адамдардың тізімін көріп, балаларым да таң қалып жатыр. Шынында да біліп жүретін дүние екен», – дейді ол.

Кесененің төр жағында Қожа Ахмет Яссауидің сүйегі жатқан бөлме жабық тұр екен. Бұл бөлмеге жанама Абылай дәлізінде қазақтың ханы Абылай жерленген. Дәліз тар болғандықтан, қабір мен қабіртас екі бөлек қойылған. Абылайдың қабірі Яссауидің қабірінің оң жағында шамамен бес метр жерде. Бұл дәліздің төрінде отырған молдаға кесенеге келушілер құран оқытып жатты.

Абылай дәлізінің жанында Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай бөлмесіне алып ба-ратын Ақсарай дәлізі бар. Ақсарай дәлізі алдындағы тақтайшада бұл кесенеде жерленген 186 хан мен би және батырлардың аты-жөндері, қай уақытта ғұмыр кешкені жазылған. 12-ғасырда өмір сүрген діни тұлға Қожа Ахмет Яссауимен ба-сталған ол тізім 19-ғасырда өмір сүрген Шоңғара бимен аяқталады.

Ақсарай дәлізінің арғы басындағы Үлкен Ақсарай атты бөлмеде Қаз дауысты Қазыбек бидің қабірі бар. Ал Кіші Ақсарай бөлмесіне «350-ден астам адамның жерленгені» жазылған. Дәліз бойында белгісіз адамдардың қабірлері де бар.

Мұнда жерленген 350-ден астам адамның дерегін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қарайтын Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері Данияр Сәдуақасов айтып берді. Бұл жерде 10 жылдан бері танысты-рушы болып жұмыс істейтін маманның сөзінше, кесенені реставрациялау кезінде тіреу орнату үшін қабырғаның астыңғы жағын қазған мамандар көп адамның сүйегін тапқан – кесененің ішкі бөлмелері де, айналасы да қабірге толы болған. «Ол жерде өте көп кісі жерленген. 350-ден аса кісінің сүйегі шыққан. Әлі де шығып жатады. Мына тізімде көріп тұрғанымыз – оның жартысы ғана. Бұл тізім жыл сайын толығып жатыр, бір-екі жылда бір кісі қосылады», – дейді ол.

Бұл сүйектерді 2000 жылы Кіші Ақсарай бөлмесінде төрт метр тереңдікте қазылған қабірдегі қатар-қатар сөрелерге салып қайта жерлеген. Данияр Сәдуақасовтың сөзінше, мұнда жерленген 350-ден астам адамның 190-дайының ғана аты-жөндері анықталған, көп зираттың қабір тастары жоғалып кеткен, не кімдікі екенін белгісіз. «Бұл жерде тек Абылай ханның ғана сүйегі ғылыми тұрғыда зерттелді. Ханның сүйегі алынып, Мәскеуде зерттеліп, бет-бейнесі жасалып, 100 пайыз дәлелденіп, құрметпен өз орнына қайта қойылды. Бұл ғылымға керек болды. Күмән болмау үшін осындай шешім шығарылды», – дейді ол. Маманның айтуынша, марқұмдардың бәрінің сүйектерін зерттеуге «бағдарлама керек, қыруар қаражат бөлінуі керек, тәуелсіз мамандар жұмыс істеуі керек».

Кесенеде арасында Абылай хан бар – жиырмадан аса ханның, Қаз дауысты Қазыбек бар – жиырма шақты бидің, Қанжығалы Бөгенбай бар – қырық-елу ба-тырдың сүйегі жатқанын айтқан Данияр Сәдуақасов «бұл жерді мемлекеттік тұрғыда насихаттау керек» деп біледі. «Ақпараттық заманда тарихы терең дүниелеріміз көрінбей жатыр. Халық тарихи тамырын таныса, еңсесі көтеріледі», – дейді кесене қызметкері.

Данияр Сәдуақасовтың сөзін кесенеге Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданынан отбасымен бірге құран оқуға келген Рәтбек Абашев та қолдайды.

– Қазақтың хандары мен батырлары, билері қайтыс болған соң, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне әкеліп жерлеген. Бәрі осы жерде жатыр ғой. Бұл жер – тарихи киелі орын. Елдің бәрі осыларға бас иіп, тәу етіп келеді, – дейді ол.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихимәдени қорықмұражайының дерегінше, ЮНЕСКОның әлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жазда күніне 700750 адам, қыста күніне 200–250 адам келеді. Екі жылдан бері ересектер кесенеге 200 теңге, зейнеткерлер мен балалар 100 теңге төлеп кіреді.

 

Дилара ИСА,

Azattyq.org

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн