«Общественная позиция»
(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.
Апта аптығы
Біле жүріңіз
Қазақстанда бұрыннан салынған, екінші нарыққа жататын қайталама тұрғын үйдің құны 7%дан 17% дейін төмендеуі мүмкін, деп болжайды жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары мен кәсіби қатысушылары.
«Баға әлі де қаншалықты төмендеуі мүмкін дегенге түрлі болжам жасалуда. Мұнда 7% туралы айтылды. Алайда біздің бағалауымызша, олар шамамен 17% дейін тағы төмендеуі мүмкін», – деп мәлім етті Global құрылыс компаниясы бақылаушы кеңесінің төрағасы Мұхит Әзірбаев «Трендтер. Қазақстандағы тұрғын үй мүлігі» конференциясында.
Алайда бастапқы нарықтың (жаңадан салынған үй) болашағына спикер барынша оптимистік баға берді. «Күзге қарай біз 5% төмендеп, жыл соңына қарай 3% баға көтеріледі», – деді М.Әзірбаев.
Өз кезегінде Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығының вицепрезиденті Нина Лукьяненко жылжымайтын мүліктің қайталама нарығы екі топқа бөлінгенін атап өтті. «Үйлерін сатқысы келетін сатушылар бар және олар бағасын арзандатуға, әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізуге дайын. Нақ осындай сатушылармен мәміле жасалады. Және қайталама мүліктің екінші санаты – ол, біз риэлторлар, қайта бағаланған деп атайтын мүлік», – деп түсіндірді ол.
ҚазТАГ