«Общественная позиция»
(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.
Түртпек тақырып
Кеше белгілі болғандай, «БТА Банктен» «қаржы тонау» ісі бойынша Алматыда өтіп жатқан сотта қуғындағы оппозициялық саясаткер, эксбанкир Мұхтар Әбілязов 20 жылға сырттай сотталып, мүлкін тәркіленді. Еске сала кетейік, Әбілязовқа «қылмыс жасауға оқталу», «қылмыстық қоғамдастық құру, оған басшылық жасау», «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету», «БТА Банк» қаржысын жымқыру және оның ізін жасыру», «банк қаржысын заңсыз пайдалану» және «өкілеттіктерін теріс пайдалану» баптары бойынша айып тағылған болатын. Сот жарыссөзінің аяқталғанына екі аптадан артық уақыт өтсе де, белгісіз себептермен созылып келген сот ісіне нүкте қойылған сияқты. Бұл сотқа қатысты Мұхтар Әбілязов не дейді? Қуғындағы банкирден әлеуметтік желілердің көмегімен алынған сұхбатқа зер салыңыз.
– Мұхтар, сонымен сізді шамасы 20 жылға сырттай соттады: Ақорданың саяси шешімі солай болған сияқты. Прокурордың «20 жыл сұрауына» орай айтқан пікіріңізді «Азаттықтан» оқыдық. Сырттай соттың мәнжайы да елжұртқа мәлім. Дегенмен, біздің газеттің оқырмандары үшін үкімнен кейін қандай пікір айтар едіңіз?
– Елден кеткеніме сегіз жыл өткеннен кейін, Қазақстан билігі менің үстімнен сырттай сот процесін жүргізді. Сонда қылмыстық істі 2009 жылы – мен «банкіні тонап кетті» деген дабыра туған кезде іс қозғауға не кедергі болды? Осы сұрақтың өзі – соттың сырттай жүргізілуі – билік өзінің саяси қарсыласын қудалау үшін қозғаған саяси процесс екенін дәлелдейді.
Нұрсұлтан Назарбаев менен қорқады, режимді құлатып, ел басқаруға қайтып келеді деп қауіптенеді. Бұл саяси процесс, ал тағылған айып – ойдан құралған. Билік не айт десе, соны қайталаған куәгерлерге билік түрмеге қамамаймыз деген уәде берді. Оған «БТА»ның басқарма төрағасы Мамештегі мен оның бірінші орынбасары Жәрімбетовтің басындағы жағдай дәлел. ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) Жәрімбетовты Түркияда заңсыз тұтқынға алып, 10 күн түрмесінде ұстап, енді одан билікке қажет мәлімет алып отыр. Журналистер мені еш қиындықсызақ іздеп тауып, сұрақтарына жауап алуда, ал мемлекет тағайындаған адвокатым телефонмен болса да байланысқа шықпады… Бұл қолдан жасалған жалған процесс және Назарбаевтың жан қалтасындағы тәуелді сот. Бұндай соттың шешімін мен мойындамаймын.
– Негізі, сізді сырттай 20 жылға соттау арқылы қазақстандық билік қандай мақсатқа жетпек болды деп ойлайсыз? Бұл соттың үкімі сыртта – халықаралық қатынастарда пайдалану үшін шығарылған болса, сізге шетелдер тарапынан жаңа қысымдар жасалуы мүмкін бе?
– Қазақстан халқы Әбілязовке емес, Назарбаевқа сенсін деген пиғылмен билік мені алаяқ етіп көрсеткісі келеді. 28 жыл бойы елді алдап келеді және осы әдетін ары қарай жалғастырмақшы. Ал мен сияқты режимге қарсылық көрсетіп жүргендер Назарбаевтың және туыстарының билік басында мәңгі отыруына кедергі болуда. Қазақстан сотының шешімін Батыс елдері мақұлдамайды. Франция Жоғары соты Ресейге экстрадициялауға қарсы шешім шығарып, мені саяси қудалау құрбаны деп танып, Ресей мен Украинаны айлаамалмен менің соңыма салып отыр деген түсініктеме берді. Назарбаев өзінің сот шешімін Францияға әкеліп, мені қудалауды талап етуге тырысқанымен, ол ісәрекетімен Еуропада ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайтыны анық.
– Дегенмен, Интерпол арқылы сіздің шетелдерде еркін жүріптұруыңызға шектеу қойылмай ма?
– Қазақстан маған іздеу салуды талап еткенімен, Интерпол менің атымды іздеу салу тізімінен алып тастады, сондықтан Назарбаев бұл жерде ештеңе істей алмайды. Әрине, Батыстың лоббистеріне пара беріп, тағы да Интерполды менің ізіме салуға тырысады. Назарбаев режимінің мүддесіне жұмыс жасағаны және Францияның әртүрлі мемлекеттік органдарына ықпал жасағаны үшін, Францияның барлау комитетінің бұрынғы төрағасы үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осыған сәйкес Батыс елдерінде мені қудалау ТМД мен Қазақстандағы сияқты оңай шаруа болмайды.
– Ал сіздің 20 жылға «сотталуыңыз» төңірегінде шетелдік саясаткерлер мен халықаралық пресса не деп жатыр?
– Қазір батыс ақпарат құралдары менің жағдайымды бақылау үстінде, маңызы үлкен мақалалар жазылып жатқан жоқ. Ал Батыс саясаткерлеріне келсек, олардың Қазақстан режимі жөніндегі түсініктері айқындалып бітті – диктатура.
Олар бұл істің қолдан жасалғанын және сотты Назарбаев қатаң қадағалап отырғанын жақсы түсінеді. Батыс елдерінде Назарбаевқа ешкім сенбейді. Демократиялық мемлекеттерде бір президенттің 28 жыл бойы ешқандай заң бұзбай, сайлауды бұрмаламай билік басында отыруы мүмкін емес. Назарбаев заңды жолмен сайланған президент емес.
– Ал осы сырттай үкім сіздің саяси қызметіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін бе?
– Соттың сыртай айыптауы менің саясатпен айналысуыма ешқандай кедергі келтіре алмайды. Мен қазір жүргізіп жатқан жұмысымды әрі қарай жалғастырамын. Оған ешкім тосқауыл қоя алмайды.
– Мәселен, қазір сіздер қайтадан жандандырған «ДВК»ның ұйымдастыру жұмысы да сырттай, негізінен әлеуметтік желілер арқылы жүріп жатыр. Енді сіздің парақшаңызды пайдаланған жақтастарыңыз «қылмыскермен» қарымқатынас жасағаны үшін қуғынға түспей ме? Қазақстан билігінен бәрін күтуге болады ғой…
– Иә, Қазақстанда түбегейлі демократиялық өзгерістерді жүзеге асыру үшін, қоғамдағы салауатты күштерді біріктіру мақсатында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) – жалпыазаматтық қозғалысы құрылады.
Халықаралық қолдауға сүйене отырып, ҚДТ қозғалысы Қазақстанда демократиялық және конституциялық реформаларды жүргізуге, елімізде жалпы тұрмыс деңгейін жақсарту үшін түбегейлі әлеуметтікэкономикалық өзгерістерді іске асыруға кіріседі. ҚДТ қозғалысы келесі өзгерістерді енгізуде табандылық танытады: ол – саясат саласында реформаларға қол жеткізу; президенттік мемлекеттік билік лауазымын жою.
– ҚДТның жұмысын виртуалды жағдайдан ел ішіне, нақты ісқимылға көшіру перспективасы қандай?
– Біздің жоспарымыз – ҚДТ қозғалысының қатарына кем дегенде 1 миллион адамның кіруіне еңбек ету және билікті бейбіт жолмен ауыстыруға қол жеткізу. Халық бұл биліктен шаршады. Бізге өзгерістер мен жаңа саясаткерлер қажет, бір орында тоқырап тұрмай, алға жылжу керек. Алдыңғы қатарлы экономикасы бар қуатты және еркін мемлекет құруымыз керек.
– Сіз Париж түрмесіне қамалғанға дейін, таралымына ешқандай кедергі қою мүмкіндігі жоқ спутниктік телеарна ашу жөнінде ой айтқаныңызды «Республика» газетінен оқыған едік: ол жоспарды жүзеге асыру мүмкіндіктері қалай?
– Қазіргі таңда спутник телеарнасын жасауға қажеттілік жоқ. Әлеуметтік желі өте жақсы жұмыс істеп тұр – «Фейсбук», «Инстаграм», «Ютуб» және тағы басқалары. Біз өзіміздің саяси ойпікірімізді осы желілер арқылы кеңінен тарата аламыз.
– Сол әлеуметтік желілерде «Әбілязов қазақша білмейді» деген қазақтарға арналған жаңа науқан ұйымдастырылғанын оқып жатқан шығарсыз…
– Рас, мен бәрінен хабардармын. Әртүрлі ақпарат көздерінен ақша алып отырған биліктің агенттері жандарын салып, маған шабуыл жасауда. Мен оларға байсалдылықпен қарамаймын. Қазақтың ауызекі тілінде еркін сөйлеймін, бірақ әдеби тілге келгенде қиналатыным рас. Білімді орыс тілінде алдым, Мәскеу институтын бітірдім. Министр болып қызмет істегенімде, мен парламент алдында қазақша сөйлегенмін, бірақ қазір қазақы ортада жоқпын.
Негізі, мені қаралауға қарсыластарымның аргументтері жетпей жатыр. Назарбаев пен оның айналасында жүрген жемқорлар қазақша жақсы сөйлейді, бірақ олардың қазақшасы зорлықзомбылық жасауға кедергі болып отыр ма? Біздің елге ең керегі – еркіндік, бақуатты өмір және сенім артатын билік. Сондай саяси жағдай орнаған кезде елдегі тіл мәселесін шешуге әбден болады.
– «ДАТ»тың оқырмандарына, қазақстандықтарға қандай тілек айтар едіңіз?
– Бәріміз бірігіп, елімізді және өзіміздің өмірімізді өзгертуге болады деген сенімді жоғалтпауын тілеймін. Өмір өзгереді және жақсы күндер келеді әлі!
– Рахмет! Сол жақсы күндерде кездесуге жазсын!
Ермұрат БАПИ
Желідегі жазбадан
ҚДТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ҮНДЕУ
Құрметті достар! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет!
YouTube желісіндегі ақпаратты миллион рет көргендеріңіз үшін ерекше алғыс! Шын мәнінде біз жалпықоғамдық қозғалыстың бастапқы қадамын ғана жасадық.
Біздің мақсатымыз – ҚДТ қозғалысының қатарына халықты біріктіріп, режимді өзгертуге қол жеткізу. Қоғамдағы айқын көрініп тұрған мәселелерге Қазақстан халқының көзін ашу – бірінші кезектегі мақсат болып табылады:
Біз шикізат көздеріне бай болғанымен, кедейшілікте өмір сүріп жатырмыз. Осындай мүмкіндіктермен біз кем дегенде Чехия немесе Польша деңгейінде өмір сүруіміз керек!
Назарбаев 25 жыл бұрын берген уәдесін орындаған жоқ, демек, оның қазіргі берген уәделері де – жай ертегі!
Қазақстанның барлық байлығы мен ірі кәсіпорындары Назарбаевтың отбасының және оның айналасындағылардың меншігінде!
Елде демократияның тұспалы да жоқ. Сөз бостандығы, діни сенім бостандығы, митингтер өткізу бостандығы жоқ. Біздің барлық азаматтық құқықтарымызды тартып алды!
Назарбаев пен оның отбасының пайдасына Конституция қайта жазылды.
Мұндай жағдай ары қарай жалғаспауы керек.
Біз осыны өзгертуіміз қажет! Ұрлықшы билікті қуып шығатын елде тек бір ғана күш бар – ол халықтың күші. ҚДТ қозғалысы халықпен бірге және тек халықтың мүддесін қорғайды.
ҚДТ ұйымдастыру комитеті – Мұхтар Әбілязов, Болат Атабаев, Айдос Садықов.
Facebook