Пятница , 4 июля 2025

ДЕПУТАТ ДЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

 

Апта апты­ғы

 

 

Дөп сөз

 

Қара­пай­ым ариф­ме­ти­ка… ЭКС­ПО-ға жұм­салған 400 млрд тең­ге – Алма­ты­дан 32 500 ада­мға 40 мың дол­лар­лық бір-бір пәтер алып беру­ге жететін қара­жат неме­се оған 400 мил­ли­он тең­ге­ден 500 бала­бақ­ша, 500 мек­теп салуға бола­тын еді…

 

Репли­ка

 


 

 

 

10 мау­сым­да «Қаза­қстан» арна­сы­нан бір теле­бағ­дар­ла­ма­ны көр­дім. Жүр­гі­зу­ші депу­тат Сауыт­бек Әбд­рах­ма­но­вқа сұрақ қой­ды. «Пре­зи­дент мақа­ла­сын­да айтқан­дай, сана өзгер­се, адам өзге­реді. Адам өзгер­се, қоғам өзге­реді» дей­ді «дана» депутатымыз.

Кері сұрақ қой­ғым кел­ді: «Депу­тат мыр­за, ал билік өзгер­ме­се, қоғам қалай өзге­реді?» – деп. Оның тағы да айтқа­ны: «Кемең­гер пре­зи­ден­ті­міз тағы да уақыт­тан озды…» – дей­ді. Шама­сы, Сауыт­бек мыр­за­ның іші сезеді: әбден титы­қтап, билік­ті өзгер­ту­ге дәр­мен­сіз қалған халы­қта «пре­зи­дент­тің уақыт­тан» емес, «өмір­ден озға­нын» күту­ден басқа амал қалмағанын…

С.Әбдахманов: «Ардақты ағай­ын, ерін­шек­тік­ті қой­ып, Елор­даға келіп, көр­мені көру­ге асы­ғы­ңы­здар… Елді­гі­мізді көр­се­тетін сәт».

Иә, «елді­гін көр­се­тетін» сәт үшін Қаза­лы және Арал аудан­да­ры­нан әрқай­сысын­да елу адам­нан бір­не­ше авто­бу­спен Аста­наға бір жарым күн­де жетіп, таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін ЭКС­ПО-ны ара­лап, сол күні кері қайт­ты. Олар қай­тып келе жатқан­да, Қаза­лы тағы да елу адам­ды шыға­рып сал­ды. Көбісі – мұғалім­дер, әкім­дік­тің және бюд­жет­тік меке­ме­лер­дің қыз­мет­кер­лері. Солар­дың теле­ар­на­лар­дан: «Бізді ешкім мәж­бүр­ле­ген жоқ, билет­ті өз еркі­міз­бен алдық», – дегеніне сау адам сене ме? Егер олар­дың айтқан­да­ры рас бол­са, 3 күн авто­бу­спен жүр­ген­ше, пой­ы­з­бен не ұшақ­пен келіп, ЭКС­ПО-ны бір­не­ше күн ара­лап қай­тар еді.

С.Әбдрахманов: «Біраз жыл­дар­дан кей­ін ауыл­дар­да күн энер­ги­я­сын өндіретін бата­ре­я­лар қап­тап кете­ді, тек сатып алу керек…» деп, шама­лы­дан кей­ін өз сөзін теріс­ке шығарған­дай басқа­ша сөй­леді: «ЭКСПО өтті екен деп, дүни­е­жүзілік эко­но­ми­ка аяқ асты­нан дамып кет­пей­ді. Қаз­ба бай­лы­қтар­дың пай­да­сын ұзақ көретін бола­мыз. Аста­на көр­месі – бола­шақтың баста­уы. Адам­заттың бола­шақтағы мұра­сы», – деді.

Менің ойым­ша, біздің билік бүгін­гі елде­гі жағ­дай­ды жасы­рып, тек бола­шақ­пен ғана өмір сүруді дүние жүзіне үйрет­кісі келетін сияқты.

Жәби СЕРІК,

Аста­на қаласы

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн