Пятница , 4 июля 2025

«АЛТЫН ОРДА» ЖОЛЫН САЛУЖОСПАРЫ КЕПТЕЛІСКЕ ТІРЕЛДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

 

Алма­ты­ның «Қалқа­ман» ықшам ауда­ны­нан әрі оңтүстік-баты­сқа қарай, «Алтын Орда» база­ры алды­на салы­на­тын он жолақты жол жұмысы жос­пар­ланған уақыт­тан кеші­гіп баста­ла­ды. Бұл жөнін­де «Азатты­ққа» «ҚазАв­то­Жол» ком­па­ни­я­сы­ның қыз­мет­кері Нұр­хат Ақы­л­та­ев айтты.

 

Оның айтуын­ша, жүр­гі­зу­шілер ара­сын­да «Алтын орда кеп­телісі» атанған көлік кеп­телісін тарқа­туға сеп­ті­гін тигі­зетін он жолақты, бір­не­ше көпір­лі жол­дың жоба­лық-сме­та­лық жұмыста­ры аяқта­лып, биыл мау­сым­ның 12-сін­де мем­ле­кет­тік сарап­та­маға тап­сы­ры­лған. Сарап­та­ма­дан кел­ген соң тен­дер өткізіліп, мер­ді­гер ком­па­ния анықталады.

– Мер­ді­гер аны­қта­лы­сы­мен 3,8 шақы­рым жол мен ондағы жолай­ры­қтар­ды салуға кірі­седі. Биыл құры­лы­сқа 2 мил­ли­ард­тан астам тең­ге бөлініп тұр, – дей­ді ол. Нұр­хат Ақы­л­та­ев­тың сөзін­ше, жұмыстың бірер айға кеші­гуіне «жол бой­ы­на салы­на­ды» деп жос­пар­ланған екі гипер­мар­кет иелерінің келіс­пе­ушілі­гі себеп болған. Олар инве­сти­ция және даму мини­стрінің орын­ба­са­ры Роман Скляр және Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­ло­втың ара­ла­суы­мен келісім­ге кел­ген. Жол келе­шек гипер­мар­кет­тер­ге де ыңғай­лы болуы үшін, жоба бір­не­ше рет өзгертілген.

– Соңғы нұсқа бекітіл­ді. Биыл күз­де бастал­са, келер жыл­дың соңын­да аяқта­ла­ды. «Алтын Орда­дан» кей­ін­гі «Асыл арман» ықшам ауда­ны­нан шыққан көлік­тер кедер­гісіз Рай­ым­бек даңғы­лы­на шыға­ды. Іргелі, Абай ауыл­да­ры тұсы­нан айнал­ма жол өте­ді, – деген ол «Азатты­ққа» жаңа жол­дың жоба­сын көрсетті.

Алма­ты облы­сы­на қарас­ты рес­пуб­ли­ка­лық маңы­здағы жол­дар­ды жос­пар­лай­тын «ҚазАв­то­Жол» ком­па­ни­я­сы был­тыр қыр­күй­ек айын­да «Алтын Орда кеп­тілісін» тарқа­та­тын он жолақты жол 2017 жылы мамыр, мау­сым айла­рын­да баста­ла­ты­нын мәлім­де­ген. Сол кез­де «Азатты­ққа» сұх­бат бер­ген Нұр­хат Ақы­л­та­ев жол салуға 10 мил­ли­ард тең­ге қажет екенін айтқан.

Azattyq.org

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн