Пятница , 4 июля 2025

«САМКАНЫҢ» БАРЛЫҚ ТЕНДЕРІНБІР КОМПАНИЯ ҰТЫП ОТЫРҒАН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Былы­қтың беті ашылды

 


 

Елі­міз­де­гі ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­ды жап­пай тек­се­ру күтіп тұр. Өйт­кені «Самұрық-Қазы­на», «Бәй­те­рек», «ҚазА­гро» сын­ды хол­динг­тер­де жемқор­лар саны күрт көбей­іп кетіп­ті, деп хабар­лай­ды КТК арнасы.

 

«Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың тиім­ді дамуы­на жемқор­лық кедер­гі болып отыр. Қыл­мыстық істер көбей­ді, биыл неба­ры төрт айда 51 қыл­мыс тір­кел­ген. Оның тең жар­ты­сы мем­ле­кет­тік сатып алуға бай­ла­ны­сты», – дей­ді Мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гі төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Алик Шпекбаев.

Яғни, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар мем­ле­кет­тік тен­дер­ді май шел­пек­ке айнал­ды­рып алған. Хол­динг­те­гілер бюд­жет­тің мил­ли­ардт­та­рын қалаған кәсіп­кер­ге береді де, қалға­нын бай­қа­уға қаты­стыр­май­ды. Олар­ды тек­серіп жатқан ешкім жоқ. Ал биз­не­смен­дер «ұлт­тық ком­па­ни­я­лар тен­дер­ге қаты­су үшін пара сұрай­ды» деп жиі шағым­дан­ды, дей­ді Шпекбаев.

Мыса­лы, «Самұрық-Қазы­на­дағы» тен­дер­дің 94 пай­ы­зын жыл бойы жалғыз ком­па­ния ұтып оты­рған. Сон­ды­қтан жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дың қазы­на қар­жы­сын қалай және қай­да жұм­саға­нын жіті тек­се­руді және тен­дер­ді элек­трон­ды жүй­е­ге көшіруді ұсын­ды. Соны­мен қатар бай­қау өткі­зетін қыз­мет­кер­лер­ді екі жыл­да ауы­сты­рып тұру қажет. Ал Қар­жы мини­стр­лі­гі Ұлт­тық хол­динг­тер­ді тес­ке­ру үшін арнайы заң жоба­сын әзір­леп жатыр.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн