Пятница , 4 июля 2025

АНАЛАР БАЛАЛАРЫН АЛАЛАМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

 


 

 

 

Бибі­гүл апай­дың әнді де, әншілік құдірет­ті де ең жоғарғы кәсі­би түр­де түй­сі­нетіні әмбе­ге аян. Ал бұлбұл әншінің Димаш пен Қай­рат тура­лы айтқан пікіріне қара­пай­ым тың­да­у­шы­ның қар­сы тұруы да қиын.

 

Бірақ менің көңілім бір нәр­се­ге тол­май­ды. Ол келіс­пе­ушілі­гім – біздің кей­бір қаза­қтың бой­ын­да кез­де­сетін кем­шілік: біре­уді мақ­та­са – аспанға ұшы­рып, жаман­да­са – жер­ге кір­гі­зу. Менің­ше, екі бала­ны салы­стыр­май-ақ, Дима­шты ғана мақта­уға болар еді ғой. Өйт­кені салы­сты­ру арқы­лы екі әншіні бір-біріне қар­сы қою сипа­тын аңға­ру қиын емес.

Құдай елдің бәріне бір­дей дарын­ды­лық бере ме? Мыса­лы, әншінің бәрі Бибі­гүл емес қой. Әркім өз қабілетінің жет­кенін­ше айта­ды. Қай­рат­тың да бар­мағы­на тұр­май­тын баз­біре­улер қызыл кеңір­дек болып, теле­ди­дар­дың беті­нен түс­пей жүр­ген жоқ па? Оның бәрін тере беріп қай­те­міз? Уақы­ты жет­кен­де, заман тала­бы­на, тың­да­у­шы талға­мы­на іле­се алмаған­да­ры көш соңын­да қала береді. Ал Дима­штың тіле­уін тіле­уші ана­лар­дың бірі ретін­де айта­рым: «Қалқам, Димаш! Сен өз есі­міңді және өз өнерің арқы­лы бүкіл қаза­қты жер жүзіне таны­тқа­ны­ңа мың да бір рах­мет! «Димаш – қаза­қты бірік­тіретін қуат­ты есім!» – деп таны­мал талант Роза Әлқо­жа айтқан­дай, өзің есі­мін алған Атаң­ның ару­ағы қол­дап, Димаш атаң­ның адам­гер­шілі­гі мен қанағат­шыл­ды­ғын бой­ы­ңа дары­та бер. Сен әлі бесік­тен белің шық­паған бала­сың: келе­шек­те қана­тың қатай­ып, қыран­ша самғай бер! Сенің ата-анаң­мен бір­ге біз де – қазақ халқы да сенің әлем­ді жарған жеңісің мен қуа­ны­шы­ңа куә бола берейік!

Әсел­хан ОРАЗЫМБЕТҚЫЗЫ

 

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн