Пятница , 4 июля 2025

БАЯН БҰРЫНБАҚЫТСЫЗ БОЛҒАН ЕКЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Әтте­ген-ай!


 

Өмірін өзгерт­кен сұм оқиғаға бір жыл толған күні таны­мал про­дю­сер Баян Есен­та­е­ва бло­гер Ержан Рашев­ке сұх­бат бер­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz.

 

Баян Мақ­сатқы­зы жеке өмірінің жария болға­нын ұнат­пай­ты­нын мәлім­деді. Ал БАҚ бет­терін­де жүр­ген түр­лі ақпа­рат­тарға өзінің тап­сы­рыс бер­ме­генін айт­ты. «Бұрын менің жеке өмірім тура­лы көп адам біле бер­мей­тін. Бәл­кім, мен бұры­нғы күй­е­уім­мен 1–2 рет ел алды­на шыққан шығар­мын. «Ол қалай өмір сүреді? Күй­е­уі немен айна­лы­са­ды? Неге оны көр­сет­пей­ді?» деп сұрай­тын­дар да көп еді. 22 жыл бойы ешкім ештеңе біл­ген жоқ. Егер бұры­нғы күй­е­уім маған жасаған әре­кетін жаса­ма­са, бүгін­гі күн­ге дей­ін де ешкім біл­мес еді. Өйт­кені мен де басқа­лар сияқты бар­лық әре­кетім­ді жұм­сар­тып жасар едім. Бірақ осы­лай болып қал­ды. Өзім бар­лық БАҚ құрал­да­ры­ның ауру­ха­на есі­гін күзетіп тұрға­нын тек 5‑ші күні ғана біл­дім», – дей­ді Баян Мақсатқызы.

Бұдан өзге, 22 жыл бойы махаб­бат­сыз күн кеш­кенін, ал бұдан былай өзін-өзі алдағы­сы кел­мей­тінін мәлім­деді. «Мен өзім­ді көп жыл­дан бері алдап кел­дім. Менің басқа өмірім жоқ. Анам мені қай­та тумай­ды. Жалғыз өмірім бар. Және мен оны өз қала­у­ым­дағы­дай етіп сүр­гім келеді. Бұдан былай өзім­ді алдағым кел­мей­ді. Бұл жер­де ешкім­ді өзім­нің соңым­нан ерт­кім кел­мей­ді. Егер алдам­шы өмір­де, өзіңіз сүй­мей­тін адам­мен, ақы­мақ неме­се зұлым адам­мен бір­ге ғұмыр кешу­ге қар­сы бол­ма­саңыз, қоғам үшін, ман­сап үшін өз-өзіңізді алдай беріңіз. Ал мен ештеңе­ге қара­ма­дым. Мен шене­унік емес­пін, сая­сат­кер емес­пін. Мен еркін әрі шығар­ма­шы­лық ада­мы­м­ын. Мен сүй­гім келеді. Бар шын­ды­ғым осы», – деген екен продюсер.

Мақ­сатқы­зы­ның айтуын­ша, қоғам­да тұр­мыста бола тұра, күй­е­уінің көзіне шөп сала­тын әйел­дер көп. Тек олар мұны мой­ын­дай алмайды.

«Мен өтірік айтқан­ды ұнат­пай­тын адам­мын. Менің басым­нан өткен жағ­дай да өтірік айта алмауым­ның кесірі­нен бол­ды. Осы үшін көп ұрыс ести­мін. «Баян, ақыл­ды және айла­кер бол» деп айта­тын­дар көп. Неке­де бола тұра, әртүр­лі әре­кет­тер­ге бара­тын әйел­дер бар­шы­лық. Бірақ мен олай өмір сүре алмай­мын. Мен өзім­ді алдағым кел­мей­ді деп айт­тым (Бақыт­бек­ке – Ред.). 22 жыл бойы өзім­нің бұры­нғы күй­е­уім­мен барын­ша шын­шыл болуға тыры­стым. 22 жыл менің беделі­ме сызат түс­кен жоқ. Дәл қазір экран­ның ар жағын­да оты­рған бір­де-бір адам мені «өтірік айтып отыр» деп дат­тай алмай­ды», – деді Баян Есентаева.

Сон­дай-ақ Мақ­сатқы­зы бұры­нғы күй­е­уі Бақыт­бек Есен­та­ев­тың жақ­сы жар әрі үлгілі әке болға­нын тағы да бір рет қай­та­лап өтті. Алай­да оған махаб­бат­сыз тұр­мысқа шыққа­нын айтты.

Stan.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн