Суббота , 5 июля 2025

ТҮРМЕДЕГІ МАКС АШТЫҚШАРАСЫН ТОҚТАТТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Тар жол, тай­ғақ кешу

 


Пет­ро­павл түр­месіне қамалған Макс Боқа­ев 16 күн бойы жари­я­лаған ашты­ғын тоқтатқа­ны жөнін­де кеше оның туы­сы Ақма­рал Кебенқы­зы әле­умет­тік желі­де хабар­ла­ды. Оның айтуы бой­ын­ша, Макс кез кел­ген уақыт­та өз еркі­мен нара­зы­лы­ғын жалға­сты­ру құқын пай­да­ла­на­ты­нын ескерт­кен. Бүгін­гі күні ол түр­ме емха­на­сы­ның бақы­ла­у­ын­да жатыр.

 

Еске сал­сақ, жерін қорғап, кей­ін­нен нақақ жала­мен сот­талған аты­ра­улық бел­сен­ді Макс Боқа­ев өзін Аты­ра­удан Пет­ро­павл түр­месіне ауы­сты­рған Ішкі істер мини­стр­лі­гі Қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі коми­тетінің (КУИС) әре­кетін заң­сыз деп санап, оған қар­сы­лық ретін­де мау­сым­ның 9‑ынан бері аштық жари­я­лаған еді.

Адво­ка­ты әрі қарын­да­сы Жанар Боқа­е­ва осы жағ­дай­ды рас­тап, ІІМ «КУИС»-тің қысым­шы­лық жасау әре­кетіне бай­ла­ны­сты сотқа шағым­данға­ны­мен, Аста­на­дағы Алма­лы аудан­дық соты оны қанағат­тан­дыр­маға­нын, Мак­сты Аты­рау түр­месі­нен Пет­ро­пав­лға ауы­сты­руға негіз болған құжат­ты «құпия» деп таны­стыр­маға­нын айтқан еді.

Макс аштық жари­я­лап жатқан кез­де бір топ алма­ты­лық қоғам­дық бел­сен­ділер оның акци­я­сы­на қол­дау көр­сетіп, түр­ме­де­гі аза­мат­тың ашты­ғы­на қосы­лған еді. Алма­ты­дағы Мак­стың жана­шыр­ла­ры – Рама­зан Есер­ге­пов, Жәзи­ра Тоған­ба­е­ва және Сай­лау Лепе­сов бастаған бел­сен­ділер Мак­сқа демеу ретін­де сая­си аштық шара­ла­рын өткізді. Бұл орай­да олар әле­умет­тік желі­де: «Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы, Мак­стың қой­ған талап­та­рын орын­даңыз!» деген талап қой­ған болатын.

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн