Димаштың концерті ДҮРКІРЕП ӨТТІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

 


 

Сонымен, тәнті халқы тағатсыздана күткен Димаштың Астанадағы концерті дүркіреп өтті. Қазақстанда бұған дейін 23 жасында 30 мыңдық сарайды көрерменге лықа толтырған талант болмаған.

 

Обалы не керек, елдің Мәдениет министрлігі ұйымдастырған бұл концертте Димаш өз дауысымен тәнті жұртын таңдандырып қана қойған жоқ, бұл бір шоу-думанның үлкен мерекесі болды.

Электронды баспасөз құралдарының жазуы бойынша, концертке жиналған 30 мың көрерменнің 40 пайызы шетелдік қонақтар болған екен. Солардың бірі АҚШ-тың Аризона штатынан Димашты көруге арнайы келген 58 жастағы Алиса Келлогг (фото), деп хабарлайды Baq.kz. Алиса ханым Димаштың АҚШ-тағы фанклубын басқарады екен. Оны Астанада «ДимашДостар» жанкүйерлер тобының мүшелері күтіп алды.

Біз газетіміздің алдағы санына Димаштың осы концертінен көрермендердің алған ерекше әсерлері туралы арнайы жарияланым дайындаймыз. Ал әзірге Димаш қытайлық агенттікпен жасасқан келісім-шарт бойынша, жаңа концерттік турнеге дайындалуға кіріскенін хабарлаймыз.

«D»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн