Суббота , 5 июля 2025

Елена Әбдіхалықова «АЛМАС ҚЫЛЫШ» сыйлығына ие болды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Бәре­кел­ді!

 


Өз елі­міз­де ғана емес, алыс-жақын шетел­дер­де де кеңі­нен таны­мал, бел­гілі өнер қай­рат­кер­лері, ұста­лар Мах­мұт және Айт­бер­ген Құл­мен­те­гі Аста­на­да кезек­ті «Алмас қылыш» сый­лы­ғын бел­гілі ақын-ком­по­зи­тор, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Еле­на Әбді­ха­лы­қо­ваға құр­мет­пен табыс етті.

 

«Еле­на қарын­да­сы­мыз өзінің жалын­ды жыр­ла­ры­мен ұлт­тық рухы­мы­зды дәріп­теп, Алаш ұра­нын асқақта­тып жүр­ген ақын ретін­де елдің ықы­ла­сы­на бөленіп жүр. Сон­ды­қтан да «Алмас қылыш» сый­лы­ғын тұңғыш рет қыздар ара­сын­да Еле­наға тап­сы­ру тура­лы шешім қабыл­да­дық. Еле­на бұл сый­лы­ққа әбден лай­ық», – деді ұста Айт­бер­ген Құлментегі.

«Қаза­қта айбал­та тек жаудан қорға­ну­шы әске­ри қару ғана емес, қаси­ет­ті бұй­ым ретін­де де қабыл­данған. Айбал­та­лы үйге жын-шай­тан­дар жола­май­ды, ол жауы­ның, дұшпа­ны­ның мысын басып, құтын қашы­рып тұра­тын қаси­ет­ті бұй­ым ретін­де дәріп­тел­ген», – дей­ді Мах­мұт Құлментегі.

Ескер­те кетей­ік, «Алмас қылыш» сый­лы­ғын осы уақы­тқа дей­ін алған, ұлтқа қыз­мет етіп, шын­ды­қты алмас қылы­штай тіліп айтып жүр­ген бел­гілі қай­рат­кер­лер – Жәр­кен Бөдеш, Олжас Сүлей­ме­нов, Сәтім­жан Сан­ба­ев, Арон Ата­бек, Рол­лан Сей­сен­ба­ев, Иран Ғай­ып, Герольд Бель­гер, Талғат Айт­бай­ұ­лы, Ермұрат Бапи, Сұл­тан­хан Аққұ­лы, Қаб­деш Жұма­ді­лов, Софы Сма­та­ев еді.

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн