Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ: АЛТЫНАЙ МЕНІ ТАСТАП КЕТТІ…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

Әттеген-ай!

 


Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет Алтынай Жорабаевамен ажырасқанын мойындап, отбасылық өміріне қатысты шындықты ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

16 жыл отасқан екеуінің үріп ауызға салғандай төрт сұлу қызы бар. Өкінішке қарай, айрандай ұйып отырған отбасы ойран болды. Бұған көпшілік Сәбитті кінәлайды. Тіпті оны әлдебір жас қызбен көңіл қосқан деп айыптаушылар да көп. Ал енді бір түпнұсқада Алтынай Сәбитті үйінде қызметші болып жүрген қызбен «ұстап алған» деген хабар бар.

Бір жылдан аса уақыттан бері ел аузында жүрсе де, не Сәбит, не Алтынай айырылысып кеткендеріне қатысты ауыз ашпаған еді. Қос өнер иесі де жеке өмірлеріне қатысты сұрақ қойған жорналшыларға жауап бермеген.

Алайда бұл жолы ашуға мінген Әбдіхалықов шыдамастан, бар шындықты жайып салды, дейді Stan.kz тілшісі. «Неге маза бермейсіздер, мен қыздарымды да, ешкімді де тастаған жоқпын. Алтынай мені тастап кетті!» – деген екен әртіс.

«D»

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн