Суббота , 5 июля 2025

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚТАРЫ солтүстікті қазақтандырады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Бәре­кел­ді!


 

ОҚО-дан сол­түстік­ке 2019 адам көшу­ге ниет біл­діріп отыр, деп хабар­ла­ды облыс әкі­мінің бас­пасөз қыз­меті­нен. Хабар­да айты­лған­дай, Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы рес­пуб­ли­ка­дағы халқы тығыз орна­ласқан аймақтар­дың бірі сана­ла­ды. Осы­ған орай өңір­де­гі жұмыс­сыздық дең­гей­ін төмен­де­ту мақ­са­тын­да халы­қты жұмыс күші жетіс­пей­тін сол­түстік өңір­лер­ге көші­ру жұмыста­ры жалға­сып келеді. Десек те, ішкі көші-қон сая­са­ты­ның ел ара­сын­да наси­хат­та­луы тиісті дең­гей­де емес.

 

«Бұл өте өзек­ті мәсе­ле. Қазір ОҚО-ның халқы үш мил­ли­он ада­мға жуы­қта­ды. СҚО-да 468 мың адам, Пав­ло­дар облы­сын­да 552 мың адам тұра­ды. Мақта­рал және Сары­ағаш аудан­да­ры­ның халқы 700 мыңға жақын­да­ды. Жыл сай­ын 80 мың­нан аса жас сәби өмір­ге келеді. Бұл – бес жыл­да 400 мың адам деген сөз. Яғни, кіші­гірім облыс, – деді облыс әкі­мі Жан­сей­іт Түй­ме­ба­ев облыс әкім­ді­гін­де өткен еңбек күші мол аймақтар­дан сол­түстік өңіріне көшіп-қону мәсе­лесіне арналған жиында.

Облы­стық жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Мұхит Отар­ши­ев­тің айтуын­ша, соңғы бес жыл­да облы­ста халық саны 272 мың ада­мға артқан. Облы­ста бір шар­шы шақы­ры­мға есеп­те­ген­де халы­қтың орта­ша тығы­зды­ғы 22 адам­нан келеді. Бұл – рес­пуб­ли­ка­лық орта көр­сет­кі­ш­тен үш есе артық. «Бүгін­ге дей­ін облы­ста тұрғын үй салу үшін жер телі­мін алуға 73 мыңға жуық адам өтініш бер­ген. 43 мың адам бас­па­на кезе­гін­де тұр», – дей­ді ол.

Оның айтуын­ша, басқар­ма тара­пы­нан қоныс аударған аза­мат­тарға сол өңір­де­гі уәкілет­ті орган­дар арқы­лы мони­то­ринг жұмыста­ры жүр­гізіл­ген. Қазір­гі таң­да көшіп барған­дар­дың 48‑і ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лыс­са, 42 аза­мат білім беру сала­сын­да, 11 адам жер­гілік­ті атқа­ру орган­да­рын­да, 12 адам қыз­мет көр­се­ту, 7 адам ден­са­улық сақтау сала­сын­да еңбек­пен қамтылған.

Ал өңіра­ра­лық еңбек нары­ғын дамы­ту­дың шара­ла­ры­на 5780 аза­мат қаты­сып, олар­дың 2019‑ы сол­түстік­ке қоныс ауда­руға ниет­ті екен­дік­терін жет­кіз­ген. Осы аза­мат­тар­дың 1008‑і еңбек­ке қабілет­ті бол­са, олар­дың 116 ада­мы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен, 98 адам кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту­мен, 794 адам мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар­да жұмыс істе­у­ге ниетті.

Сон­дай-ақ мәжілі­сте сөз алған облы­стық мәс­ли­хат депу­та­ты Жаңа­бай Аға­бе­ков оңтүстік халқын сол­түстік­ке көші­ру ерік­ті түр­де жүріп жатқан­ды­ғын алға тарт­ты. Оларға үкі­мет тара­пы­нан да айтар­лы­қтай көмек көр­сетіледі. Нақты айтқан­да, қоныс шығын­да­ры есебін­де отба­сы мүше­лерінің әрқай­сысы­на 35 АЕК көле­мін­де, яғни 79 мың тең­ге өте­мақы төле­неді. Бұдан бөлек бір жылға дей­ін пәтер жал­да­уға жұм­са­ла­тын шығын да мем­ле­кет есебі­нен. Әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру, көші-қон кво­та­сы­на да қар­жы қарастырылған.

Облыс әкі­мі жиын соңын­да халық тығыз орна­ласқан Сары­ағаш және Мақта­рал ауда­ны әкім­деріне сол­түстік аймақтарға көшу­ге ниет­ті тұрғын­дар­мен жұмыс істе­у­ге тап­сыр­ма бер­ді. Ресми мәлі­мет бой­ын­ша, Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­нан сол­түстік аймақтарға 154 отба­сы қоныс аударған. 2017 жылы 288 отба­сы­на кво­та беру белгіленген.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн