«Общественная позиция»
(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.
Апта аптығы
Еуропа Одағы (ЕО) Украина мен ЕО арасындағы ассоциация туралы келісімді бекітті. Өткен айдың соңында мақұлданған құжат осымен түпкілікті қабылданды. Құжат енді 1 қыркүйектен бастап күшіне енбек.
Ассоциация туралы құжат Украина мен ЕО-ның экономикалық және саяси тұрғыдан жақындасу тәртібін реттейді. Құжатта жалпы принциптер, саяси диалог пен реформалар, сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы жақындасу, сауда және экономикалық ынтымақтастық орнату жайы қамтылған.
Келісімнің сауда-саттыққа қатысты бөлігі 2016 жылы 1 қаңтардан бері уақытша жұмыс істеп тұр. Өткен айда Украина азаматтары үшін ЕО-ға визасыз сапарлау режимі күшіне енген. Ал 12-13 шілдеде Киевте ЕО – Украина саммиті өтеді.
Azattyq.org