«Общественная позиция»
(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.
Апта аптығы
• «Касперский зертханасы» Neutrino вирусын тапты. Вирус POS терминалы мен банк картасына шабуылдауда.
Neutrino вирусы Алжир, Қазақстан, Украина, Египет елі үшін де қауіпті болып тұр. Вируспен зақымдау әрекеттерінің 10 пайызға жуығы шағын бизнес кәсіпорындарына тиесілі. Зерттеушілер бұл вирусты бағдарламаны көптен бері зерттеу үстінде. Бағдарлама жаңа әдістерге көшіп, жүрісін өзгертіп отырады. Енді терминал арқылы ақша алатын банк карталарын зақымдай бастады. Вирусты бағдарлама терминалға түскен соң бірден зиянын тигізбей біраз уақыт тұрақтайды.
«Вирусты бағдарламаның жаңа түрі күрделі болып барады. Сандық технология дамыған сайын зиянды бағдарламалар күрделену үстінде», – дейді «Касперский зертханасының» вирусқа қарсы сарапшысы Сергей Юнаковский.
Stan.kz