Суббота , 5 июля 2025

Жанболаттың СЕКСЕНДЕГІ ЖАНАШЫРЫ

 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

 

 


 

Аста­на қала­сы мен Назар­ба­ев­тың туған күні 80 жастағы ақсақал, Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау коми­тетінің бел­сен­дісі, Жемқор­лы­қ­пен күре­су Халық Май­да­ны­ның мүше­сі Ере­жеп Алдаб­а­ев ата ЭКСПО көр­месін­де Қаза­қстан­дық және халы­қа­ра­лық жұрт­шы­лы­қтың наза­рын – Жан­бо­лат Мамай­дың заң­сыз қамауда оты­рға­ны­на аудар­ды. Ол Жан­бо­лат­тың суреті салы­нған жей­дені киіп алып, бүкіл ЭКСПО көр­месін ара­лап шықты және Аста­на­ның адам­дар көп жүретін жер­лері мен билік­тік меке­ме­лер ғима­рат­та­ры маңы­нан жүріп өтті.

 

Ал 7‑ші және 11-щі шіл­де ара­лы­ғын­да Ере­жеп ақсақал Алма­ты­ның ақсақал­дар өкіл­дері­мен, Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­су­шы­лар­мен және Жемқор­лы­қ­пен күре­су Халық Май­да­ны мүше­лері­мен бас қосып, ерекше, маңы­зды және Қаза­қстан­ның тарихын­да ізі қала­тын үлкен шара өткізді! Сол шара­ның нәти­же­сін­де Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның Бас Ассам­бле­я­сы­ның Төраға­сы, П. Том­сонға, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның Бас Хат­шы­сы А. Гут­те­ри­шқа, АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трам­пқа, Евро­пар­ла­мент­тың төраға­сы А. Тая­ниға, ОБСЕ Төраға­сы Курц мыр­за­ға және Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті Нұр­сул­тан Назар­ба­евқа хат жолданды.

Ол хат­тың маз­мұ­нын­да қамаудағы Арон Ата­бек, Сей­ітқа­зы және Әсет Мата­ев­тар­ды, Мұх­тар Жәкі­шев­ті, Жан­бо­лат Мамай­ды және жазы­қ­сыз түр­ме­де оты­рған басқа­лар­ды жедел боса­ту талап етіл­ген. Соны­мен бер­ге, шешуін тап­паған жер және жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­нын­да орын алып жатқан заң­сызды­қтар мәсе­лесі сөз болады.

Жәзи­ра ТОҒАНБАЕВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн