Суббота , 5 июля 2025

Димаштың атымен ҰШАҚ ШЫҒАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Қазақ бала­сы­ның аты­мен енді ұшақ жары­ққа шыға­ды! «TianDao» ком­па­ни­я­сы «Eastern company»-мен бір­ге жеке тап­сы­ры­сқа ұшақ шыға­ра­тын бол­ды! Бұл ұшақ «Moonlight blade» онлайн ойы­ны желісіне арнал­мақ. Димаш осы ойы­нға «Уақыт-теңіз» атты саунд­трек жазған бола­тын. 22 тамы­зда өзінің алға­шқы рей­сін Шанxай­дан – Пекин­ге орын­дай­тын атал­мыш ұшақта Дима­штың бей­несі жары­ққа шыға­тын бола­ды. Үлкен әуе кемесі енді Дима­штың аты­мен бренд­ке айнал­мақ!!! Бар­ша Дима­штың жан­күй­ер­леріне, Dears, құт­ты болсын!!!

• Алпа Шари­мнің ФБ-парақшасынан

 

 

 

«ҚОҢЫРДЫҢ» ҚЫЗЫ МОДЕЛЬ БОЛЫП ЖҮР

 


 

«Қоңыр» тобы­ның экс мүше­сі Жази­ра Қоша­но­ва қаңтар айын­да топ­тан кетіп, Малай­зи­яға қоныс аударған бола­тын. Қазір­гі таң­да бой­жет­кен атал­мыш елдің поди­у­мын бағын­ды­рып, сұра­ны­сқа ие модель­дер­дің онды­ғы­на кіру­ге тал­пы­нып жүр деседі.

Осы­дан бір ай бұрын Куа­ла-Лум­пур­да өткен ауқым­ды сән апта­лы­ғын­да Жази­ра Қаза­қстан аты­нан өнер көр­сет­кен. Ол тура­лы қазір­гі таң­да Малай­зи­ядағы жалғыз қазақ жур­на­ли­сті ретін­де қыз­мет атқа­рып жүр­ген Талғат Қал­жан «Instagram» парақ­ша­сы арқы­лы виде­об­лог жари­я­лап, бөліскен.

 

 

Жүр­гі­зу­шілер назарына

 

АЙЫППҰЛДАН АБАЙ БОЛ!

 


 

Шіл­де айы­ның 15-інен бастап, Әкім­шілік кодек­с­ке енгізіл­ген түзе­ту­лер өз күшіне енеді. Аталған кодек­с­ке ел пре­зи­ден­ті 2017 жыл­дың 4 шіл­десін­де қол қойды.

 

Қан­дай жаза жеңілдейді:

1. Жол бел­гiлерi­мен неме­се жол­дың жүру бөлi­гiн­де­гi таң­ба­лар­мен көр­сетiл­ген талап­тар­ды сақта­мау – бес айлық есеп­тiк көр­сет­кiш мөл­шерi­нен үш АЕК-ға аза­яды. Ал бір жыл ішін­де тағы да тәр­тіп бұзған адам 10 АЕК көле­мін­де айып­пұл төлейді.

2. 613 бап­тан поли­цей­лер­дің рұқ­са­тын­сыз авто­көлік сало­ны­нан түсіп кететін жола­у­шы­ларға қаты­сты жаза алып таста­лы­на­ды. Енді олар заң бой­ын­ша көлік­тен шыға алады.

 

Қан­дай жаза ауырлайды:

1. 46 бапқа көлік­ке мас күй­ін­де оты­рған мүге­дек адам­дар­ды көлік жүр­гі­зу куәлі­гі­нен айы­ру тура­лы тар­мақ қосылды.

2. 596 бап­тың 3 тар­мағы­на (Егер бұл жол жүрiсi қағи­да­ла­рын­да тый­ым салы­нған жағ­дай­лар­да, жол­дың жүру бөлi­гiнiң қар­сы бағыт­та жүру­ге арналған жағы­на шығу – бір жыл мерзім­ге көлік құрал­да­рын басқа­ру құқы­ғы­нан айы­руға әкеп соға­ды) мына­дай толы­қты­ру енгізіл­ді: оның ішін­де «бұры­лыс және айна­лым». Бұдан былай тек қана қар­сы бағы­тқа шыққан авто­көлік­тер ғана емес, тұтас сызық арқы­лы айна­лым жасаған­дар да қар­сы жолаққа шыққан деп есептеледі.

3. Меди­ци­на­лық тек­сері­стен өту­ден бас тар­тқан (613 бап) және көлік­ті мас күй­ін­де жүр­гіз­ген жүр­гі­зу­шілер бұдан былай екі жылға емес, үш жылға көлік жүр­гі­зу куәлі­гі­нен айырылады.

Kolesa.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн