Суббота , 5 июля 2025

ЖАН ПИДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Уақыт уыты

 


 

– Ойбай, Көк­тіреу Көсем­болға­нов кеше бан­кет­тен шыққан соң мәши­несі­мен адам қағып кетіпті!

– Аман ба екен?!

– Қаққа­ны о дүни­е­ге қаңға­лақтап бір­ден қалқып кетіпті!

– Өй, ол кет­се – кете бер­сін! Көк­тіреу көкем аман ба?

– Аман көрінеді…

– Уһ‑һ!

– Бірақ, түрі жаман көрі­неді. Қыра­тын сияқты!

– Енді адам қағу дегенің қарға қағу емес, қыр­са – қыра­тын шығар…

– Біра­зы­мы­здың қыз­меті­міз осы­мен тына­тын шығар!

– Енді ол кісіні сот­тай ма?!

– Тпә, тпә, жағың қары­сқыр! Адам осы­лай оттай ма!?

Елде ес жоқ! Біріне сүй­еу, біріне демеу болған, арқа сүй­ер Көк­тіреу сот­тал­са, бұлар­дың күні не бол­мақ? Бәрі осын­да жиналған: Оймақкөл­де­гі Кит шару­а­шы­лы­ғы­ның дирек­то­ры – Қия­ли Ауы­шов, был­тыр Қыл­кө­пір қала­сын­да ашы­лған Сүң­гуір қай­ы­қтар зауы­ты­ның дирек­то­ры – Құр­дым Тақы­ро­вич, Суалған облы­сы­ның әкі­мі – Тан­дыр­бек Кеп­ке­но­вич, депу­тат – Бұқа­ра Таны­ма­сов, Жаңа адым ауда­ны­ның әкі­мі – Арқан­бек Кеңтұ­са­у­ов, Құр­са­у­лы облы­сы­ның про­ку­ро­ры – Абақты Зын­дан­ба­ев… – құры­сын, тегі бәрі осын­да! Көз­дерін­де маз­мұн жоқ, мила­ры Көк­тіреу сот­тал­са кім, қалай құты­ла­ды, енді кім­ді аға­лай­ды, кім­ге барып пана­лай­ды – соны есеп­теп, күре тамыр­ла­ры күп болып тұр. Шала жабы­лған есік­тен сыға­лай қарап, бір­те-бір­те ішке еніп кет­кен еден жуу­шы Гүл­жа­пы­рақ та осын­да. Оның мақ­са­ты, кеш­ке көр­ші-қолаңға, сосын Әпи­төк­ке көз­бен көріп, құлақ­пен есті­генін айна қатесіз­деу жеткізу.

Көк­тіреу де көп күт­тір­меді: мой­ны сал­бы­рап ешкім­нің асса­ла­у­ын еле­ме­стен төр­ге жай­ға­сты. Үрей­лі үнсіздік, үндінің сери­а­лын­дағы­дай екі сери­яға жетер­лік бады­рай­ған көз­дер мен үш серия дем алмай тұру аза­бы басталды.

– Осы­лай боп қал­ды… – деп, үнсіздік­ті Көк­тіре­удің өзі бұзды.

– Сіз жүретін көше­мен көл­де­нең кете беретін­дей ол кім еді?! Сау­ап болған! Көзіне көк шыбын үйме­ле­тей­ін десем, өле қалға­нын, сбо­лы­штың! – деп, Қия­ли Ауы­шов бір толғап қойды.

– Мой­ы­маңыз, сіз үшін жан пида! Керек десеңіз, осы қазір берем жан­ды, қидым сіз үшін! – деп, Абақты Зын­дан­ба­ев тере­зе­ге тұра шап­ты. Көк­тіре­удің ден­са­улы­ғы үшін арнайы жасалған брон әйнек былқ етпе­ді, әйтпесе…

– Жарай­ды, керек емес… Сен­дер­дің мен деген­де жан аямай­тын­да­ры­ң­ды білем ғой. Бірақ, қазір маған жан керек емес. Қан да керек емес… тек…

– Айт­саңыз­шы, көке, аянбаймыз!

– Үйбай-ау, айт­саңыз бол­ды, қазір-ақ реттейміз!

– Не ол, сон­да, сіз үшін қол­дан кел­мей­тіні жоқ! Айты­ңыз! Орын­дай­мыз, таба­мыз, иә?

– Әлбет­те! – деп, бәрі шу ете қал­ды. Гүл­жа­пы­рақ селк ете түсіп, қолын­дағы шаң­сорғы­шын түсіріп ала жаздады.

– Менің орны­ма сот­та­ла­тын адам керек! – деді, Көк­тіреу, жай­лап қана.

Үнді сери­а­лы­ның үрей­лі үнсізді­гі қай­та бастал­ды. Әр қай­сысы жыға­лар жағы­ның тасын теріп, алды – «Көк­тіре­удің көзіне құм!» деген мақа­ла жазып, осы­дан шыға сала газет­ке беру­ге бекі­се, арты– өзінің аты-жөнін­де «К» әрпі бол­са, бір­ден өзгер­тіп жібе­ру­ге бел бай­лап отыр.

– Мен,.. Сіз үшін итжек­кен­ге де кетер ем… Бірақ, түр­менің ауа­сы жақ­пай­ды, сырость… – деп, жаңа ғана тере­зе­ден секір­мек болған про­ку­рор күңк етті.

– Мен ойлан­ба­стан кете берем! Бірақ, ертең «Көк­тіреу көкенің орны­на кел­ген кім?» деген­де, лай­ы­қты адам бол­са екен дей­мін-дә. «Мен!» дей салуға бола­ды. Тек, қол­ты­ғым­нан қолаң­са бұрқ ете қала­ты­нын білесіз­дер… «Өй, осы ма?» деп, жұрт мұр­нын басып, жиір­кеніп жүр­се, сіздің аты­ңы­зға кір келетін шығар… – деп, Тан­дыр­бек тақ етті.

– Мен әрқа­шан­да дай­ы­н­мын! Алды­мен біздің зауыт, өзіңіз ашқан сүң­гуір қай­ы­қтар зауы­ты сіздің 67-жасқа толуы­ңы­здың құр­метіне 67 мил­ли­он метр әжет­ха­на қаға­зын шыға­ра­мыз деген мін­дет­те­месін аяқта­уы керек болып тұр. Әйт­пе­се, өзіңіз білесіз ғой… – деген сыл­та­уды Құр­дым Тақы­ро­вич сарт еткізді.

Осын­дай, нақты дәлел­дер­мен әркім сыты­лып шыға берді…

– Жарай­ды, ұқтым. Менің орны­ма сот­та­ла­тын ада­мға бір мил­ли­он дол­лар, Жаңақа­ла­дан үш қабат­ты котедж, бір джип беріп, бала­ла­рын шет елде оқы­туға өз қамқо­ры­ма алай­ын деп едім, амал жоқ, басқа жақтан іздей­міз енді!.. – деп, Көк­тіреу кесіп тастады.

Бұл жолға үнсіздік үнді сери­а­лы­ның режис­сер­ла­ры­ның түсіне де кір­ме­ген шығар! Жұрт абды­рап тұрған кез­де, артқы жақтан:

– Мен сот­тал­сам бола ма? – деген дауыс шықты.

Қара­са – Гүл­жа­пы­рақ! Көзін­де жас, жастың мөл­дір там­шы­сын­да соқыр үміт ұялап тұр.

– Мен сот­та­лай­ын­шы, қар­сы бол­ма­саңыз,.. Үш балам бар, пәтер жал­дап тұра­мыз… Жаңағы айтқан­да­ры­ңы­зды шыны­мен бер­сеңіз… Пажалыста…

– Әрине, шыны­мен берем! – Көк­тіреу еліріп кет­ті. – Бүгін жаңа кот­те­дж­ге көшеді үй-ішің. Мил­ли­он дереу есебіңе түседі, бол­ма­са санап берем! Үш бала­ның үше­уі де шет елде білім ала­ды, айна­лай­ын, қам жеме!

– Онда, мақұл… – Гүл­жа­пы­рақ қуа­ны­штан не дерін біл­мей тұр.

– Келістік! Пәми­лең кім еді?

– Сұраға­но­ва…

– Қазір, мен дереу поли­ци­яға айтай­ын,.. Әлөу, гене­рал мыр­за, мен ғой, иә, түн­де менің мәши­нем­ді ұрлап шығып, адам қағып, содан кей­ін поли­ци­ядан қашып, аял­да­ма­ны соғып, қира­тып, қуып жет­кен лей­те­нант­ты атып өлтір­ген адам табыл­ды. Өзі мой­ын­дап отыр айна­лып кетей­ін! Келіңіз, тұтқындаңыз!

Гүл­жа­пы­рақтың қолы­на кісен салып әкетіп бара­ды. Гүл­жа­пы­рақ күлім­деп: «Бәрі­нен бұрын Әпи­төк жары­ла­тын бол­ды! Менің бала­ла­рым кәтеж­ге көшіп, джип мініп, сытыр­ла­тып дол­лар санап тұрға­нын көр­ген­де, іші күй­іп кететін шығар!» – деген, тәт­ті қиял еріп барады.

Сол күні бүкіл ақпа­рат құра­лы Көк­тіре­удей абы­рой­лы аза­мат­тың аты­на кір кел­тір­ген Гүл­жа­пы­раққа қарғыс айту­мен болды.

Әпи­төк қызға­ны­штан ба, әйте­уір, сен­беді. Көше­де кез­дескен­дер­ге: «Мүм­кін емес, өтірік!» – деумен бол­ды. Әпи­төк­ті кім тың­да­сын – ТВ мен радио, газет­тер мен интер­нет шулап жатқан­да. Әпи­төк кім, Көк­тіреу кім?

Асқар НАЙМАНТАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн