Суббота , 5 июля 2025

ЖУЫҚ БЕС ЖЫЛДА солтүстікке 59 мың отбасы ҚОНЫС АУДАРАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Көштің көкесі!


 

Алдағы 5 жыл­да Қаза­қстан­ның сол­түсті­гіне басқа өңір­лер­ден 59 мың отба­сын көші­ру жос­пар­ла­ну­да, деп хабар­ла­ды ҚР еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау вице-мини­стрі Бір­жан Нұрымбетов.

 

«Биыл оңтүстік өңір­лер­ден ерік­ті түр­де 122 отба­сы көшіп кел­ді. Бұл, әрине, тым аз, сон­ды­қтан біз бұл мәсе­лені үкі­мет­те толы­ғы­мен қай­та қара­дық. Төрт сол­түстік облы­ста еңбек­ке жарам­ды халық санын сақтау үшін алдағы бес жыл­да ұйым­дасқан түр­де 59 мың отба­сын көшіріп әке­лу тура­лы шешім қабыл­да­дық», – деді Б. Нұрым­бе­тов үкі­мет оты­ры­сын­да. Оның айтуын­ша, ҚР сол­түсті­гін­де­гі төрт облы­ста көші-қон және демо­гра­фи­я­лық аху­ал­ды еске­ретін бол­сақ, алдағы бес жыл­да еңбек­ке жарам­ды адам­дар саны 167 мыңға азаймақ.

Үкі­мет Қаза­қстан­ның сол­түсті­гін­де­гі адам көшіріп апа­ра­тын төрт облы­сты аны­қта­ды: СҚО, ШҚО, Пав­ло­дар және Қоста­най облы­сы. Оларға ОҚО, Жам­был, Қызы­лор­да және Маңғы­стау облы­ста­ры­нан адам­дар көшіп бара­ды. Қазір ерік­ті түр­де 2388 отба­сы көшіп барғы­сы келіп отыр», – деді ведом­ство басшысы.

Б. Нұрым­бе­то­втің айтуын­ша, көшіп бара­тын­дарға бірқа­тар жеңіл­дік­тер қарас­ты­ры­лған. Оның ішін­де қоныс ауда­ру­шы­лар­дың жол шығы­ны­на суб­си­дия беру, қоныс ауда­ру­шы­ларға жұмыс тауып беретін­дер­ге суб­си­дия беру, олар­ды жай­ға­сты­ру, шару­а­шы­лық жүр­гізу­ге жер телім­дерін беру, жаңа биз­нес иде­лар үшін грант­тар беру, «Сер­пін» жоба­сы­ның түлек­терін тар­ту т.б. қарастырылған.

Қаз­ТАГ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн