Суббота , 5 июля 2025

ПЕНСИЯҒА СТАЖБЕН ШЫҒАМЫЗ


Қаза­қстан­да зей­не­тақы жүй­есіне қаты­су өтіліне (ста­жға) қарай тағай­ын­да­ла­тын бола­ды, – деп хабар­ла­ды ҚР Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау вице-мини­стрі Свет­ла­на Жақыпова.

«Қазір­гі таң­да база­лық зей­не­тақы зей­нет жасы­на жет­кен аза­мат­тарға еңбек өтілі мен зей­не­тақы жүй­е­лерін қалып­та­сты­ру шара­сы­на қаты­сқан-қаты­спаған­ды­ғы­на қара­ма­стан бір­дей көлем­де беріледі. Келесі жыл­дан бастап, зей­не­тақы жүй­есіне қаты­су өтіліне қарай беріл­мек. Осы орай­да 1988 жыл­дан кей­ін­гі жинақта­у­шы зей­не­тақы жүй­есіне зей­не­тақы ауда­рым­да­ры­ның түсу ара­лы­ғы ғана есеп­тілініп қой­май, 1998 жылға дей­ін­гі де еңбек өтілі наза­рға алы­на­ты­ны болжа­ну­да», – деді дүй­сен­бі­де­гі бри­финг­те С. Жакупова.

Оның айтуын­ша, мұн­дай баста­ма 30–40 жыл еңбек өтілі бар, бірақ аз зей­не­тақы ала­тын­дарға қаты­сты әділ­дік орна­туға мүм­кін­дік береді.

«1998 жылға дей­ін­гі 33 жыл­дан аса­тын өтілі бар тұлға­ларға неме­се 1998 жыл­дан кей­ін­гі өтілін еске­ре оты­рып, база­лық зей­не­тақы ағым­дағы көле­мі­мен салы­сты­рған­да екі есе­ге көбей­еді. Егер бұл сома қазір 12 мың тең­гені көр­сет­се, 2018 жыл­дың 1 шіл­десі­нен зей­нет­кер­лер­дің аталған тобы ынты­мақты және жинақта­у­шы зей­не­тақы­ға қоса, 24 мың тең­ге­ден астам бола­ды», – деді С.Жақыпова.

Еске сал­сақ, еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі 2018 жыл­дың 1 шіл­десі­нен бастап енгізілетін база­лық зйе­не­тақы­ны тағай­ын­да­удың жаңа меха­низ­мін түсіндіруде.

Қаз­ТАГ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн