Суббота , 5 июля 2025

Басшыға наразы мұғалімдер МІНЕЗ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ

 

Тамыз кон­фе­рен­ци­я­сы қарсаңында

 


Алма­ты облы­сы­ның Жам­был ауда­ны Қай­на­зар ауы­лын­да ғима­ра­ты ескі орта мек­теп­тің мұғалім­дері аудан­дық білім бөлі­мінің бас­шы­сын жер­гілік­ті БАҚ-та «Бізді орал­ман, білі­мі орта санат­та деп ата­ды,» – деп айып­тап, нара­зы­лық танытты.

 

«Азаттық» тіл­шісінің хабар­ла­у­ын­ша, жиналған елу шақты мұғалім аудан­дық білім бөлі­мінің бас­шы­сы Ләй­ләш Баши­ро­ва­ның Nur.kz сай­тын­да жари­я­ланған пікірі­мен келіс­пей­тін­дерін мәлім­деп, өздері­нен кешірім сұра­уын талап етті. Аталған сайт 7 тамы­зда Баши­ро­ва­ның Қай­на­зар ауы­лын­да салы­нған жаңа мек­теп­ке өздерін дирек­то­ры­мен бір­ге ауы­сты­ру­ды талап еткен мұғалім­дер­ді «95 пай­ы­зы Қарақал­пақстан­нан кел­ген, білім­дері орта санат­та» деген сөзін басқан. Мұғалім­дер білім бөлі­мінің бас­шы­сы «намыста­ры­на тигенін» айтып, одан кешірім сұра­уды талап етті.

Мұғалім­дер өздерінің ел қатар­лы білім беріп жатқа­нын, осы уақы­тқа дей­ін бір де бір ата-ана білім­деріне қаты­сты шағым­дан­баға­нын, оқу­шы­ла­ры­ның түр­лі жары­стар­дан орын алып жүр­генін алға тартты.

Бұған қаты­сты «Азаттық» тіл­шісіне ком­мен­та­рий бер­ген Баши­ро­ва аталған сай­тқа нақты не айтқа­ны «есін­де жоғын», «егер қате сөй­ле­ген бол­са кешірім сұра­удан қашпай­ты­нын» айт­ты. «Ол сөзді Nur.kz-ке теле­фон арқы­лы айт­тым. Нақты не айтқа­ным толық есім­де жоқ. Бірақ қат­ты сөй­леп, намысқа тиетін­дей ешнәр­се айтқан жоқ­пын деп ойлай­мын. Орал­ман, қалақал­пақ деп кем­сіт­кен жоқ­пын. Ондағы айтқан сөз­дер­ді менікі емес, бұр­ма­ла­ды деп айта алмай­мын», – деді Баширова.

Ол Қай­на­зар орта мек­тебі аудан­дағы 52 мек­теп­тің ара­сын­да білім беру көр­сет­кі­ші бой­ын­ша 43-орын­да тұрға­нын айт­ты. Оның сөзін­ше, «бұл мек­теп мұғалім­дері өздерін жоға­ры дең­гей­де тұр­мыз деп мақта­на алмайды».

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн