СҚО 250 ҰСТАЗҒА ЗӘРУ

 


Солтүстік Қазақстан облысында 250-ден астам мұғалім жетіспейді, – деп хабарлады облыстық маслихаттың депутаты Гафура Бустекова.

 

«1 тамыздағы жағдай бойынша 253 педагогикалық қызмет орны бос», – деді Г.Бустекова сейсенбідегі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысында білім беруді дамыту бағдарламасының жүзеге асыру барысын талқылауда. Оның айтуынша, аймақтағы мектептерде 47 математика пәнінің, 39 – ағылшын тілі, 35 – орыс тілі мұғалімі жетіспейді.

«Біздің аймақтағы ерекшеліктің бірі мектептерде оқушылар өте аз, ал шағын жинақты мектептер көп. Аудандарға қарайтын болсақ, үш қабатты мектептер жартылай бос екенін көруге болады, сыныптар толмайды, және де бұл жағдай біздің бірқатар аудандарға да тән», – деп толықтырды Г.Бустекова.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн