Суббота , 5 июля 2025

Доллар бағасы 370 ТЕҢГЕГЕ ЖЕТУІ МҮМКІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

 

Сарап­шы­лар


 

Қаза­қстан қор бир­жа­сы төл валю­та­мы­здың әлсіре­уін тұрғын­дар­дың эмо­ци­яға қат­ты берілуі­мен түсін­дір­ді. Яғни, аза­мат­тар анти­ре­сей­лік санк­ци­ядан қорқып, жап­пай дол­лар­ды сатып алуға кіріскен.

 

Ал, бұл жағ­дай өз кезе­гін­де АҚШ ақша­сы­ның қым­бат­та­уы­на әкел­ген. Бир­жа­дағы­лар қазір жағ­дай­дың тұрақталға­нын айтып, халы­қтың алаң­да­уы­на негіз жоқ деп, сауда-сат­ты­қтағы дүр­мек­ті доға­руға тыры­су­да. Бірақ, әлем­дік көмір­су­те­гі және қаза­қстан­дық қар­жы нары­қта­рын бақы­лап оты­рған тәу­ел­сіз эко­но­ми­стер тең­ге­ге тықыр­дың таянға­нын ашық айтып отыр.

Шіл­де – Қаза­қстан қор бир­жа­сы үшін сәт­сіз айлар­дың бірі бол­ды. Өйт­кені, сауда-сат­ты­қтың жал­пы көле­мі 48 пай­ы­зға төмен­де­ген. Ал, бир­жа­да үстем­дік ету­ші – сол баяғы АҚШ ақша­сы. Бірақ, бұл жолы дол­лар­мен жасалған сауда-сат­тық өткен аймен салы­стыр­ма­лы түр­де біраз азай­ған, – деп жаза­ды КТК арна­сы­ның сайты.

Соған қара­ма­стан, АҚШ ақша­сы тең­гені әлсіретіп жібер­ді. Төл валю­та­мыз тек дол­лар емес, KASE-дегі сауда-сат­ты­қта бар­лық шетел­дік валю­таға қаты­сты құнын жоғал­тқан. Яғни, бір айдың ішін­де тең­ге еуроға қаты­сты 4,4, юань 2,5, ал дол­ларға қаты­сты 1,8 пай­ы­зға арзан­даған. Бир­жа­дағы­лар мұның себебін эмо­ци­яға беріл­гіш тұрғын­дар­дан көреді.

«Бірін­ші кезек­те сыр­тқы фак­тор­лар әсер етті. Ресей­ге салы­нып жатқан санк­ци­я­лар­ды халық қорқы­ны­шпен қабыл­да­ды. Кей­бір ақпа­рат құрал­да­ры жұрт­ты одан сай­ын дүр­лік­тіріп қой­ды. Сал­да­ры­нан, біз­де ішкі фак­тор қалып­та­сты. Дол­ларға сұра­ныс дереу арт­ты», – дей­ді «Қаза­қстан қор бир­жа­сы» АҚ басқар­ма төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Андрей Цалюк.

Қазір жағ­дай тұрақталған. Дүр­лік­кен халық та саба­сы­на түс­кен­дей. Тіп­ті, қор бир­жа­сын­дағы­лар алаң­дай­тын негіз жоқ дей­ді. Айту­ла­рын­ша, ештеңе­ге қара­ма­стан, тең­ге жақын ара­да арзан­дай қоймайды.

Десе де, әлем­дік нары­қты қырағы бақы­лап оты­рған сарап­шы­лар­дың пікірі мүл­дем басқа­ша. Олар KASE-дегілер­дің бұлай­ша сабыр­лы болуы­на негіз жоқ дей­ді. Себебі, тең­ге­ге кері әсер ететін жағ­дай­лар жетерлік.

«Рубль арзан­дай­ды. Ол қазір­гі баға­мы­нан 10 пай­ы­зға құн­сызда­на­ды. Яғни, дол­ларға шаққан­да 64–65 рубль­ге дей­ін түседі. Сәй­кесін­ше, Қаза­қстан­ның Ұлт­тық валю­та­сы да арзан­дай­ды. Тең­генің жағ­дайы қара­ша­да қиын­дай түсуі мүм­кін», – дей­ді Ресей­лік сарап­шы Олег Богданов.

Өйт­кені, күздің ең соңғы айы нары­қтағы ең ауыр ай болып есеп­те­леді екен. Сарап­шы­лар дәл сол кез­де тең­ге дол­ларға шаққан­да 370-ке дей­ін арзан­дай­ды деп болжап отыр.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн