Борышкерлердің басы бірігуіне БИЛІК ҚАРСЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (394) от 24 августа 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

 

Кеше Алматыда банк борышкерлері өздері жоспарлаған республикалық құрылтайды өткізе алмады.

 

Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Арзыгүл Телебаеваның «Азаттыққа» айтуынша, борышкерлер құрылтайды әуелде сағат 11-де «Астана» қонақ үйінің залында өткізбек болып, күні бұрын қонақүй басшылығымен келіскен. Борышкерлер құрылтайда өздерінің «экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық пен бірнеше девальвация салдарынан қиын жағдайға ұшырағанын» айтып, несиеге алған үйлерінің қарызын төлей алмай жүргеніне биліктің назарын аудармақ болған. Құрылтайға Алматыдан және бірнеше облыстан 50-ден астам адам жиналған.

Бірақ бір күн бұрынғы кеште борышкерлерге қонақүй өкілдері хабарласып, құрылтайды өткізуден бас тартатынын ескерткен. «Қонақүй залының шатыры ортасына түсіп кетті, қонақүйдің астыңғы қабатын су алып кеткеніне байланысты жиын өткізе алмайсыздар деп хабарлады», –дейді Арзыгүл Телебаева.

«Астана» қонақүйінің аты-жөнін атамаған өкілдері «Азаттыққа» «қонақүйдің астыңғы қабатында кәріз жүйесінде ақау шығып, су алып кеткенін» растағанымен, бастықтары «демалыста жүргенін» айтып, басқа ақпарат бермеді.

Бұдан соң борышкерлер «әлдебір себеппен орын табылмай қалған жағдайда» құрылтай өткізуге қосымша келісіп қойған Қонаев атындағы университетке бармақ болған. Бірақ сол мезетте Арзыгүл Телебаеваға Қонаев атындағы университеттен де хабарласып, ол жерде «құрылтай өткізбеу туралы құзырлы органдардан пәрмен түскенін» жеткізді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн