Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШ ТАҒЫ ДАЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


Бұған дей­ін бел­гілі болған­дай, осы апта­да Димаш кезек­ті жүл­десіне ие бол­ды. Ол Қытай­да Fresh Asia music Festival бай­қа­уын­да «Ең үздік шетел­дік өнер ада­мы» атанды.

 

Еске сала кет­сек, бұған дей­ін Димаш «Ази­я­ның ең таны­мал әншісі», «Халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі ең атақты әнші», «Жыл­дың үздік әншісі», «Ең үздік шетел­дік әнші» атақта­рын алған еді. Қаза­қстан­дық эст­ра­да әншілері ара­сын­да бір жыл­да осын­ша­ма жүл­де­ге ие болған өнер­паз жоқ. Ал музы­ка сын­шы­ла­ры «әлем­де де мұн­дай жүл­де жауы­ны бол­маған» дейді.

Кезек­ті жүл­десіне ие болған Димаш сахна­да тұрып, былай деген еді: «Асса­ла­у­маға­лей­күм, құр­мет­ті өнер сүй­ер қауым! Бар­шаңы­зға шын жүрек­тен үлкен алғыс біл­дір­гім келеді. Осы­нау «Ази­я­ның жаңа әндері» атты үлкен тама­ша фести­валь­да жеңім­паз ата­ну – бір арма­ны­ма үлкен қадам басқа­ным болып табы­ла­ды. Музы­ка­да тіл жоқ, соны сіз­дер дәлел­дедіңіз­дер. Алдағы уақыт­та Қытай­да жеке кон­церт­терім бола­ды, сон­да сіз­дер­ді күтемін».

Бұл екі ара­да Дима­шты Қаза­қстанға іздеп кел­ген кезек­ті шетел­дік жан­күй­ері пай­да бол­ды. Аме­ри­ка­лық Пат­рис Грул­ли­он әншінің туған жері­мен таны­су үшін, өткен апта­да Қаза­қстанға кел­ді. Ол Аста­на­да үш ай болып, қазақ тілін мең­гер­мек ниет­те. Қаза­қтың мәде­ни­еті­мен, салт-дәстүрі­мен таныс­сам дей­ді. Ол Димаш оқи­тын уни­вер­си­тет­ке барып көр­ді. Енді әншінің кон­цер­тін көру үшін Ақтө­бе­ге аттанады.

Сырым ДАТОВ

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн