ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – қазақтың салты емес

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (395) от 31 августа 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

Дәстүрдің тозығы бар…

 


 

Қазақ ешқашан келісімсіз қыз алып қашпаған. Еріксіз қызды алып қашу – қазақтың салты емес! Бесіктен, болмаса жасынан айттырылып қойған қыз өзінің қалауына тұрмысқа шығу үшін сүйген жігітімен бірге қашқан. Оған куә «Қасен–Жамила», «Еңлік–Кебек», «Қалқаман–Мамыр», т.б. оқиғалары.

Қазақ обалдың қадірін әлдеқашан білген. Адам түгілі, малды даладан себепсіз айдап әкетпеген. Еңбегін даулау, құн қайтару, есесін алу мақсатында ғана малға барымта жасалған.

Қай бабаларың далада еркін жүрген қызды алып қашыпты деп естідіңдер? Қазақтың қасиетті салтына күйе жақпаңдар! Қазақ адам түгілі, малға қиянат жасамаған.

Қазіргі заманда көшеде кетіп бара жатқан қызды бас салып алып қашу – қылмыс. Адам ұрлау!

Қазақ ешқашан тексіз іс жасамаған. Оңай олжа ер азамат үшін намыс емес пе?! Заманның еріккен бұзақыларының ойлап тапқан сандырағы қанша бейкүнә бойжеткеннің обалына қалып жатыр.

Бұл мәселені заңмен шектеу керек. Жөнсіз, тексіз істердің барлығын қазақтың киелі салтына жапсырып, ұлтты қорламаңдар!

Тағы да айтамын, қазақтың кез келген тарихында қыздың келісімінсіз, танымайтын қызды алып қашпаған. Обал-сауапты білетін намысты қазақ ондай көз жасы ұрпағына жететін іске бармаған. Ол бүгінгі оңай олжаға құнық, жауапкершілігі жоқ намыссыз жігіттердің ісі.

Жаман әдет тез етек алады. Біреудің әлпештеп, аялап отырған қызы сендерге тоқты-торым емес қой.

Естеріңді жинаңдар!

Алмахан Мұхаметқалиқызы

 

 

 

АЛЫП ҚАШЫП КЕЛГЕНІ – ЖЕЗӨКШЕ БОЛЫП ШЫҚТЫ

 

Жақында ауылда үлкен той болды. Үйлену тойы. Бір әулеттің өсіп-өнгені, ұлғайғаны. Тұрмысқа шыққан қыздың бір топ дос қыздары тойға Алматыдан арнайы келіпті. Той өтті. Сол тойда маған көрші тұратын үйдің ұлы тойға келген қыздардың бірін алып қашып келді. Қуанышқа – қуаныш жалғасты. Той – тойға ұласты.

 

Қыз алып қашып келген баланың аты Жомарт. Жағдайы қораш, ортан қол әулеттен шыққан бала еді. Қала көрмеген, оқымаған. Ауылда әркімге жалданып жұмыс істеп, бар тапқанын әке-шешесіне тасып жүргендердің бірі. Баласы бір түнде келін алып келген соң, әке-шешесі шашылып қалды. Үй аралап, қарыз сұрап, тойға соятын малды да қарызданып алып, әлек болды. Қолында түгі жоқ адамға той жасау оңай емес.

Байғұс әке-шеше қайтсін, қолдарынан келгенше той жасады. Қатыстық. Тілек айттық. Ер адамдарға ішіп-жеп, сүзіле қарағаны болмаса, қыз бала көрікті екен. Аяқ-қолы балғадай, еркек біткен қызығатындай бар…

Арада бірнеше күн өткен соң, Жомарттың Алматыда үлкен қызметте істейтін ағасы келді. Тойға іссапарда жүріп келе алмаған екен. Ол қақпадан кіріп, үйге енісімен, көрші үйде айқай-шу басталды. Бүкіл көрші-қолаң «не болып қалды?» деп елеңдеп, той болған үйге құлақ түрді.

Кеше ғана босағаны аттаған келін қашып қақпадан шықты. Артында Жомарт: «Тоқташы, Жанар! Тоқташы деймін, ағам сені емес, басқаны айтқан болар. Не болсаң да, мен сені кешіремін! Кетпеші!» – деп айқайлап, жалынып, қыздың соңынан жүгіріп барады. Жомарттың шешесінің жылағаны, шалының ақырғаны, ағасының боқтығы қаттырақ шыққан соң, көрші біткен сол үйге жүгіріскен. Жеткен бойда «не болды?» дестік. «Келін емес, кесапат! Масқара болдық. Өлгенім жақсы еді бүйткенше», – деп, Ағима шешеміз ағыл-тегіл жылап жүр. «Ол қыздың бұзық екенін жалаңаш ойқастап жүргенінен-ақ біліп едім. Ел-жұрттың алдында абыройымызды төкті. Бетін көрмеймін, құртыңдар», – деп, шалы ақырып отыр.

Ақыры жөн сұраса келе, оқиғаның мән-жайына қанықтық. «Келін» деп түсіргеніміз қалада жезөкшелікпен айналысып жүрген қыз екен. Оны Жомарттың ағасы Ғалым айтты: «Кей жағдайларда шаруа шешіп берші деп, жігіттер ара-тұра саунаға, бильярдқа шақырады. Онда белгілі, тек суға түсіп, арақ ішіп қана қоймайсың… Мен бұл қызды сол саунада көрдім…» – деп күйінген Ғалым қолын бір сілтеген.

«Сұмдық-ай!» деп жағамызды ұстадық. Бәрін қойшы, қайран әке-шеше қаншама қарызға кірді… Ақыры масқара болды. Ал Жомарт қыз кеткен соң қиялданып біраз уақыт жүрді. Елге қарар беті қалмаған соң, ағасы жұмысқа орналастырамын деп қалаға алып кетті. Осылайша бір шіріген қыз бір шаңырақтың берекесін кетірді.

Мұны неге жазып отырмын. Дәл қазір тура осындай жағдайлар жиі болып жатыр. Сырын білмей қыз алып қашқан інішектер көп. Сырын білмей үйленудің соңы осындай масқара болуға жиі алып келуде.

Сондықтан болашақ жарларыңды әбден танып алмай, шаңырақ көтермеңдер. Бұл өзге жұрт алдында масқара болудан да, орынсыз той жасап, артынан «дәт» деп қалудан да сақтандырады!

 

Masqara.kz

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн