Пятница , 4 июля 2025

Ақбота СЕЙІТМАҒАМБЕТ: ТОҚАЛ БОЛҒАНЖАЛҒЫЗ МЕН БЕ?!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

 


 

 

Таны­сты­ғы «Гла­мур для дур» атты кар­ти­на­ның түсірілі­мі­нен бастау алған Дәу­рен мен Ақбо­та­ның махаб­бат хика­я­сы кино­дан кей­ін жалға­сын тапқа­ны­мен, алға­шқы­да көп­шілік сене қой­маған еді. Тіп­ті жас жұбай­лар жеке өмірін­де­гі өзгеріс жай­лы ешкім­ге тіс жарғы­сы кел­ме­ген. Stan.kz тіл­шісіне экс­клю­зив­ті сұх­бат бер­ген Ақбо­та Дәу­рен­мен ара­дағы қарым-қаты­на­сты қан­дай мақ­сат­та жасы­рға­нын жария етті.

 

«Негізі баста­пқы­да ешнәр­сені айтқым кел­ген жоқ. Оның үстіне жол­да­сым да шама­лы қар­сы бол­ды. Біз біраз жағ­дай­дан кей­ін, кей­інірек айта­мыз деп, қазір жасы­рын түр­де болға­ны жақ­сы деп ойла­дық. Енді аяқ асты мен де шыда­май кет­тім, ол да шыда­май кет­ті, айтуға тура кел­ді», – дей­ді ақ келін атанған Ақбота.

Иә, Ақбо­та үлкен сахнаға қыздар тобы арқы­лы қадам басқа­ны­мен, шығар­ма­шы­лы­ғы әншіні жұл­дыз еткен жоқ. Керісін­ше, «Кешью­ден» кет­кен сәт­те жеке өмірін­де орын алған өзгерістер өнер иесіне таны­мал­ды­лы­қты тар­ту еткенін жасырмайды.

«Жеке өмірім­де­гі жаңа­лы­қтар мені таны­мал етті деп айта ала­мын. Бірақ жақ­сы жағы­нан жұл­дыз болған жақ­сы ғой, екін­ші жағы­нан… Мыса­лы, «тоқал» жағы­нан жұл­дыз болған­ның несі жақ­сы?! Бірақ бүгін­де тоқал алу қалып­ты жағ­дай. Соны көбісі түсіне алмай жатыр. Тіп­ті шоу-биз­не­сте тек қана біз Дәу­рен еке­уміз осын­дай оқиғаға тап болған­дай», – дей­ді ашуға булы­ққан Ақбота.

Ақбо­та­ның дәл бұлай сөй­ле­уі де тегін емес. Әнші жұм­бақтап айт­са да, ойын­дағы­сын жет­кіз­гісі кел­ген­дей… Иә, отан­дық шоу-биз­неске тосын­нан төң­керіс әкел­ген тек Ақбо­та мен Дәу­рен емес. Бұл тізім­де бүгін­де экс-Есен­та­е­ва атанған Баян мен оның ғашы­ғы Тұр­сын Ала­кө­зов бар. Соны­мен қатар Сей­іт­мағам­бе­то­ва­ның сахна­дағы сері­гі болған Жұл­дыз Өмірға­ли мен Айқын­ды да айт­пасқа болмас.

«Дәл қазір­гі таны­мал­ды­лы­ғым тура­лы айта­тын бол­сам, көбісі дұрыс түсін­бей­ді. Біре­уі айта­ды біре­удің тоқа­лы дей­ді, енді бірі біре­уді отба­сы­нан ажы­ра­тып алды деп жата­ды. Қаза­қтар ештеңені көр­мей, біл­мей жатып, көр­ген­дей қылып айта­ды. Көбі­не­се мән бер­ме­у­ге тыры­са­мын. Бірақ шек­тен шығып кет­кен­дер­дің сөзі көңілі­ме тиеді», – дей­ді Ақбо­та желі­де жағым­сыз пікір­лер­ді қар­ша бора­та­тын оқыр­ман­да­ры жайлы.

Бүгін­де «тоқал» тақы­ры­бы­нан шар­шаған Ақбо­та әншілік ман­са­бын қай­та қолға алға­нын айта­ды. Тіп­ті тың трек­ті жазып үлгер­ген өнер иесі жеке шығар­ма­шы­лы­ғын шың­да­уда тын­бай тер төгіп жатқа­нын жет­кізді. Ал жақын күн­дері дебют­тік бей­не­ба­ян­ды түсіруді жос­пар­лап отыр.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн