Пятница , 4 июля 2025

Елдегі кедейлікӨСІП БАРАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

 

Апта апты­ғы

 

 


 

 

 

Қаза­қстан­да бір жылғы бұры­нғы көр­сет­кі­шпен салы­сты­рған­да 2017 жыл­дың ІІ тоқ­са­нын­да кедей­лік дең­гейі өсті, деп хабар­ла­ды ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметінен.

 

«Үй шару­а­шы­лы­қта­рын ірік­те­мелі зерт­теу деректері бой­ын­ша табысы ең төмен­гі күн­көріс дең­гей­ін ең төмен халы­қтың үлесі (кедей­лік дең­гейі), 2017 жыл­дың II тоқ­са­нын­да 2,7% құрап, өткен жылғы тиісті кезең­мен салы­сты­рған­да 0,1 п.т. жоға­ры бол­ды», – делін­ген жұма­да жари­я­ланған хабарда.

Соны­мен қатар кедей­лік дең­гейі мен ара­дағы айыр­ма­шы­лық қала және ауыл халқы­ның ара­сын­да бұры­нғы­дай сақта­лып отыр деп көр­сетіл­ген ҰЭМ хаба­рын­да. «2017 жыл­дың II тоқ­са­нын­да кедей­лік дең­гей­інің ең үлкен мәні Оңтүстік Қаза­қстан (4,9%) және Жам­был (3,9%) облы­ста­рын­да, ең азы Аста­на мен Алма­ты (0,8%-дан) қала­ла­рын­да тір­кел­ді», – делін­ген мини­стр­лік хабарында.

«Соны­мен, 2017 жыл­дың II тоқ­са­нын­да азық-түлік тау­ар­ла­ры­на жұм­саған шығы­стар­да 10% ең аз және 10% ең көп қам­та­ма­сыз етіл­ген үй шару­а­шы­лы­қта­рын­дағы халы­қтың ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық 4,2 есені, азық-түлік емес тау­ар­ларға – 7,2 есені, ал ақы­лы қыз­мет­тер­ге – 8,6 есені құра­ды», – делін­ген хабарда.

Қаз­ТАГ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн