Пятница , 4 июля 2025

Мәдина СӘДУАҚАСОВА: ОТБАСЫМА ТИІСКЕНАДАМДЫ АЯМАЙМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Қалың көре­рмен­нің сүй­ік­ті әншісіне айналған, отан­дық шоу-биз­не­сте жүргеніне

20 жыл­дан асқан Мәди­на Сәду­ақа­со­ваға қаты­сты ел ара­сын­да түр­лі әңгі­ме­лер айты­ла­ды. Біре­улер оны өте көрік­ті әнші десе, тағы біре­улер «өзі­нен кіші жігіт­тің басын айнал­ды­рып алған» деп сөгіп жата­ды. NUR.KZ пор­та­лы­на экс­клю­зив­ті сұх­бат бер­ген Мәди­на жеке өміріне қаты­сты айты­ла­тын көп­те­ген алып-қашпа әңгі­менің нүк­тесін қойды.

 

– Мәди­на ханым, қоныс ауы­сты­рып, жаңа үйге көшіп жатқа­ны­ңы­зды біле­міз. Өміріңіз бен шығар­ма­шы­лы­ғы­ңы­зда қан­дай жаңа­лы­қтар бар?

– Өмірім­де болып жатқан жаңа­лы­қтың бірі – жақын­да үш бөл­мелі пәтер алдым. Қазір қоныс ауда­рып, үйім­ді жай­ға­сты­рып жатыр­мын. Алма­ты­ның жоға­ры жағын­да орна­ласқан, әде­мі үй. Ерте­гі жаза­тын жазу­шы Рай­хан Ама­ни­ядан сатып алдым. Ол кісінің үйі сон­дай шығар­ма­шы­лы­ққа толы. Әрбір деталь, ван­на, гар­де­роб – бәрі-бәрі өзін­ше ерекше. Сол үйді көр­дім, одан кей­ін мүл­дем ешқан­дай пәтер қараған жоқ­пын. Бұл менің алға­шқы және соңғы қараған пәтерім. Үйдің аура­сы құд­ды ерте­гі­ге кір­ген­дей әсер қал­ды­ра­ды, сол себеп­ті үйді ойлан­ба­стан сатып алдық. Қазір қонақ күтіп жатыр­мын. Қоныс той бар, туған күнім­ді де той­ла­дым. Сәкен Май­ға­зи­ев және Мақ­пал Иса­бе­ко­ва­мен көр­ші­мін. Шыны керек, ол жер­де ішім пыспай­ды. Балам тіп­тен мәз. Құдай қала­са, сол үйде бақыт­ты ғұмыр кешу­ге дай­ын­да­лып жатырмыз.

 

– Бүгін­де Instagram желісін­де 2 мил­ли­он оқыр­ма­ны­ңыз бар. Жеке парақ­шаңы­зды өзіңіз жүр­гі­зесіз бе?

– Мен Instagram желісіне балам­ды боса­нып болған соң, кеш­теу кел­дім. Парақ­шам­ды пиар-дирек­то­рым Мар­жан жүр­гі­зеді, сон­дай-ақ өзім де жиі кіріп оты­ра­мын. Екі мил­ли­он оқыр­ма­ным бар болған соң, онда бәрі бар. Нега­тив те, пози­тив те, түр­лі сыни пікір­лер де кез­де­седі. Бұл Instagram мені көп нәр­се­ге үйрет­ті. Бай­қа­саңыз, менің парақ­шам­да нега­тив аз. Көбіне менің фигу­ра­ма тиі­седі, бес тон­на, он тон­на деп маки­яж­ды айта­ды, одан кей­ін жол­да­сы­ма тиі­седі. Жол­да­сы­ма сөз тигіз­ген­дер­ді мен де аямай­мын. Ол өзі әле­умет­тік желі­де мүл­дем отыр­май­ды. Кей­бір пікір­лер­ді көр­ген­де көңіл-күй­ің түсіп кете­ді. Сосын мен оны жазған адам­ның парақ­ша­сы­на кіріп, кім екен деп қарай­мын (күліп). Шынын айт­сам, маған пікір жазған әр адам­мен сот­та­сып отыр­май­мын, ұна­маған пікір бол­са, өшіріп тастай­тын адам­дар бар. Бір айта­рым, кім менің отба­сы­ма тиі­седі, мен ол адам­ды аямаймын.

 

– Ашық көй­лек киеді деп сізді тың­дар­ман­да­ры­ңыз жиі сынға алып жата­ды. Ең алғаш «Сүй­ген жүрек» әні­мен купаль­ник­те бей­не­ба­янға түс­кен әншілер­дің бірісіз. Қазақ қызда­ры­ның ашық киім­ді батыл киюіне жол ашып бер­дім деп ойла­май­сыз ба?

– Жоқ, әрине. Бұл сөзіңіз­бен келіс­пей­мін. Мен купаль­ник­пен жүр­ген­де, кей­біре­улер купаль­никсіз жүр­ген. Мен ерсі, ұсқын­сыз, нәп­сі оята­тын киім­дер­ді кимей­мін. Тіп­ті сол купаль­ник­тің өзі 60-жыл­дар­дағы­дай жабық, әде­мі бол­ды. Ол кадр­дың өзін алы­стан түсір­ді. Оның үстіне бей­не­ба­ян­да мен бас­сейн­де жүре­мін, енді ол жер­де мен басқа қан­дай киім кие­мін?! Сол себеп­ті мен ол баста­ма­ны баста­дым деп айта алмай­мын. Бай­қа­саңы­здар, тұр­мысқа шыққа­лы мен жабық киім­дер киетін бол­дым. Жал­пы, бұл сахна, эст­ра­да, ол жер­де бәрі әде­мі, эсте­ти­каға сай болуы тиіс. Мен ешқа­шан қат­ты көз­ге оғаш көрі­нетін киім киген емеспін.

 

– Қазақ эст­ра­да­сын­дағы сыр­тқы кел­беті көп өзгер­ме­ген, өзін­дік хариз­ма­сы, сти­лі бар әншісіз. Осы қал­пы­ңы­зды сақта­уы­ңы­здың қан­дай құпи­я­сы бар?

– Ең алды­мен әке-шешем­нің, бауыр­ла­рым мен қазір­гі отба­сым­ның, ұлым­ның тіле­гі мен қол­да­уы­ның арқа­сы. Мен өзі өте жолы болғыш адам­мын, оның да әсері бар шығар. Одан кей­ін менің айна­лам­дағы адам­дар­дың әсері, көре­рмен­дерім­нің қол­да­уы. Халқым ешқа­шан мені еле­усіз қал­ды­рған емес, қай­да бар­сам да, зор ықы­ласпен күтіп алып жата­ды. Ал жеке күті­мі­ме келетін бол­сам, өзі­ме қатал қарай­мын. Бала босанған соң екі айдан кей­ін дие­та ұста­дым. Спорт­пен айна­лы­са­мын, жеке дие­то­ло­гым бар, мені шөп­пен емдей­тін емшім бар. Көп ауыр­май­мын және мүл­дем дәрі ішпей­мін. Емшінің қай­на­тып бер­ген шөп­тері­мен емде­ле­мін. Бет күті­мі­ме қарай­тын кос­ме­то­лог­та­рым бар. Жал­пы, айна­лаң­дағы адам­дар­дың энер­ги­я­сы, жылуы бол­ма­са, бай­лы­ғың да, басқа дүни­ең де түк­ке керек емес. Сол себеп­ті бірін­ші кезек жақ­сы адам­дар­дың арқа­сы деп білемін.

 

– Соңғы кез­де шоу-биз­не­сте жас қыздар­дың отба­сы­лы ада­мға екін­ші жар болуы жиілеп бара­ды. Сіздің оларға деген көзқа­ра­сы­ңыз қандай?

– Әркім­нің өз өмірі, өз көзқа­ра­сы, өз ойы, шеші­мі бар. Сол себеп­ті менің оларға пікір айтуға хақым жоқ. Кім­нің өмірін­де қан­дай жағ­дай болып жатқа­нын біл­мей­мін. Менің жеке өмірім­де де сәт­сіздік­тер орын алған, мені де сынап жата­тын­дар бола­ды. Сон­ды­қтан оларға қаты­сты сыни пікір айтқым кел­мей­ді. Бір ғана айта­ты­ным, бала­лар­дың жылаға­нын қала­май­мын. Әрине, тағ­дыр ғой, деген­мен сол жағ­дай­да мен: «Бала­лар жылап қал­ды ма екен, жүре­гі ауы­рып қал­ды ма екен», деп бірін­ші кезек­те соны ойлай­мын. Тоқал­ды­ққа тиіп жатқан қыздар өздеріне жақ­сы болған соң тиетін шығар, олар­ды мүл­де аямай­мын. Мен әйел ретін­де, ана ретін­де тоқал алып жатқан аза­мат­тың бірін­ші жары мен бала­ла­ры қан­дай сезім­де бол­ды екен деп ойлаймын.

 

– Сізді екін­шісіне жүк­ті деген болжам­дар айты­лып жатыр…

– Ондай болжам­дар өте көп бол­ды. Шынын айт­сам, мұн­дай жаңа­лы­қты естудің өзі көңіл­ге сон­дай жағым­ды естіледі. Бір кез­дері көп­шілік мені «бала­сы жоқ, отба­сы жоқ, қара басын ойлап қалған» деп сына­са, қазір «о, ұлың қалай» дей­ді де, бәрі менің іші­ме қарап жата­ды. Кіш­кене толып қал­сам, өздерін­ше болжам жасай­ды (күліп)…

 

– Жеке кешіңіз­де өзіңіздің ата-анаңыз, жол­да­сы­ңыз жай­лы айт­ты­ңыз. Бірақ енеңіз жай­лы бір ауыз сөз қозға­ма­ды­ңыз. Оның себебі неде?

– Біздің үйле­ну той­ы­мы­здың кешін­де бір арна жасы­рын каме­ра­мен кіріп, жасы­рын сюжет жасаған. Содан олар біздің той­ы­мы­зды, менің қай­ын енем­ді түсіріп алған. Кей­ін­нен көп­шілік оны талқы­лап, түр­лі әңгі­ме­лер айтыл­ды. Осы оқиға­дан кей­ін енем өзі тура­лы ақпа­рат­тың ешқай­да шыққа­нын қала­май­ты­нын жет­кізді, тіп­ті «Instagram-ға да суретім­ді сал­ма» деді. Маған ол кісінің бір ауыз ескер­туі жет­кілік­ті. Әйт­пе­се қай­ын енем­мен қарым-қаты­на­сы­мыз жақ­сы. Осы уақы­тқа дей­ін бір­ге тұрып келдік.

 

– Күй­е­уіңіз өзіңіз­ден алты жарым жасқа кіші. Сізді көп­шілік жас жігіт­тің басын айнал­ды­рып алды деп жата­ды. Бұған не дейсіз?

– Біз үйлен­ген­ге дей­ін Олжас төрт жыл бойы маған қамқор болып жүр­ді. Төрт жыл бойы менің қуа­ны­шым­да да, қай­ғым­да да бір­ге жүр­ді. Мыса­лы, менің үйім­ді тонап кет­кен­де, жеке кешім­ді бер­ген­де, сәт­сіздік­ке ұшы­раған «Ази­а­да» кезін­де, мен ҚазҰУ-ға оқуға түс­кен­де келіп көмек­те­сетін. Мен оның басын айнал­ды­рған емес­пін. Алға­шын­да тіп­ті мен оны жана­шыр, дос адам деп қабыл­даған­мын. Себебі ол маған «сіз» деп сөй­лей­тін. Кей­ін­нен ол түр­лі сый­лы­қтар жасай баста­ды, туған күнім­нің бәрін­де жаным­да бол­ды, жаңа жыл­дар­ды бір­ге қар­сы ала­тын­быз. 8 қыр­күй­ек тура 35-ші туған күнім­де ол маған ұсы­ныс жасап, ақ түсті айфон теле­фо­ны мен неке жүзі­гін сый­ла­ды. Ұсы­ныс жасаған­нан кей­ін ол маған тура ертең АХЖ-ға барай­ық деді. 2009 жылы алғаш аппақ рау­шан гүл­дері­мен кел­ген кез­де­гі оның айтқан сөз­дері мынау бол­ды: «Сен менің жарым бола­сың, біздің той­ы­мыз бола­ды. Және әйелім болған кез­де кекіліңді жинап жүресің», – деген.

 

– Не деген­мен көп­тің алдын­да жүресіз, көрік­тісіз, таны­мал­сыз. Күй­е­уіңіз сізді қызған­бай ма?

– Қызға­ны­шы бар бол­са да, ол маған көр­сет­кен емес. Мен де қызған­шақ адам емес­пін. Мүм­кін, кей­ін қызға­на­тын шығармын…

Nur.kz

 

АҚБОТА ауыз жиғы­зып ҮЛГЕРТПЕДІ

 


 

Газеті­міздің өткен санын­да ғана Ақбо­та Сей­іт­мағам­бет­тің бір басы­лы­мға бер­ген сұх­ба­тын «Тоқал болған жалғыз мен бе?» деген ата­у­мен көшіріп басқан едік. Енді, міне, ауыз жиып үлгер­ген­ше, Ақбо­та Дәу­рен Айдарқұ­лов­пен айы­ры­лы­сып үлгер­ген екен. Бұл тура­лы Stan.kz пор­та­лы жазады.

 

Бұған дей­ін: «Жарым­мен сүй­іп қосыл­дық, оны басқаға кете­ді деп ойла­май­мын» деп жал­пақ жұр­тқа жар салған Ақбо­та Сей­іт­мағам­бет күт­пе­ген мәлім­де­ме жаса­ды. Ол Дәу­рен Айдарқұ­лов­пен айы­ры­лы­сып тынға­нын мәлім­деп, желі­де­гі оқыр­ман­да­ры­на жан сырын ақтарды.

«…Сыр­тым­нан балағат­тап, әртүр­лі болжам­да­ры­ңы­з­бен жеке өмірі­ме қол сұққан­да­ры­ңы­зға рах­мет. Сіз­дер­дің арқа­ла­ры­ңы­зда имму­ни­тетім қалып­та­сып, өмір сүру­ге және қуа­на білу­ге күш тап­тым. Бүгін бар шыным­ды айтып, бұл хика­я­ның нүк­тесін қой­сам деймін.

Бұры­нғы күй­е­уім еке­уміздің ара­мы­зда не болып жатқа­ны сіз­дер­ге қызық еді ғой?! Мен ол адам­ды өз еркі­мен жіберіп, оған рен­жі­ме­у­ге бел будым. Сіз­дер ара­мы­зда болған жайт­тан бей­ха­бар бол­ды­ңы­здар. Оның бірін­ші және екін­ші отба­сы­нан не себеп­ті кетіп қалға­нын да біл­мей­сіз­дер. Міне, үшін­шісі­нен де кетіп бара­ды. Сіз­дер бұл адам­ды мүл­дем таны­май­сыздар. Істе­ген ісі өзінің ар-ұяты­на қал­сын. Тіп­ті сырт­тай жүретін 10 әйелі бол­са да, бақыт­ты бол­сын. Менің енді­гі бар уай­ы­мым – ұлым. Пері­ш­тем үшін Аллаға сан­сыз шүкір айта­мын. Мені жалғыз қал­ды екен деп аяу­дың қажеті жоқ. Жаным­да сүй­ік­ті інім мен жақын­да­рым бар», – деп жаз­ды Ақбота.

Stan.kz

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн