Пятница , 4 июля 2025

«Алтынбектің соқпағымен» ІЗБАСАРЛАР ЖҮРІП ӨТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Тағ­зым

 


Қыр­күй­ек­тің 12-сі – мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның туған күні… Тірі бол­са, 55 жасқа толар еді…

 

Жыл­дағы қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша, 17 қыр­күй­ек күні Алте­кеңнің апта сай­ын жүріп өтетін тау жолы­на түсіп, «Құм­бел» асуы арқы­лы Көк­жай­ла­уды кесіп өтiп, Алма-Ара­сан шатқа­лы­ның дәл төбесi­нен түстік. Білетін­дер­дің айтуы­на қараған­да, соқ­пақтың ұзын­ды­ғы 15–16 шақы­ры­мға жуық. «ДАТ» жоба­сы­ның жур­на­ли­стері он жыл­дан берi «Алтын­бек асуы­мен» аса­тын әдеті­нен тай­ған емес, биыл да елден қал­май, тауға бет алды.

Осы шараға қаты­сқан бес жасар сәби­ден бастап, мек­теп оқу­шы­ла­ры, сту­дент­тер, жасы 70–80-нен асқан қари­я­лар­ды арда аза­мат­тың рухы­на деген құр­мет сезі­мі жете­ле­гені анық. Күн­де тауға шығып әдет­тен­бе­ген адам үшін жоға­ры қарай өрме­леу оңай емес. Аз-кем тыны­стап алып, алға қарай жылжисың.

Кезiн­де Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы осы асу­ды апта сай­ын асып, серу­ен­деп, тау басын­да елінің қамы үшін атқа­ры­ла­тын қыз­мет­ті ой-еле­гіне өткізіп қай­та­ты­нын әріп­те­стерінің еске алған әңгі­месі­нен қанық едік. Биыл тауға серу­ен­деп шыққан­дар­дың қата­ры қалың бол­ды. Алты­кен­дей аза­мат­тар­дың ізба­сар­ла­ры өсіп келе жатқа­нын көр­дік, сту­дент жастар­дың жол бойы арда аза­мат тура­лы көбірек біл­гісі кел­ген сұрақта­ры көңілі­мізді көн­шіт­ті. Демек, бұл дәстүр жыл сай­ын жалға­са беретіні, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның ісін жалға­сты­ра­тын жастар өсіп келе жатқа­нын байқадық.

Тауға шыққан жұрт­ты күтіп алушы­лар етек­те дастар­хан жай­ып, ыстық пала­уы мен бауыр­сағын ұсын­ды. «Алтын­бек соқ­пағы­мен» жүріп өткен­дер­ге Алты­кен­нің аға­сы Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы алғыс айтып: «Тау адам­ды шың­дай­ды. Күш-қуат береді. Қиын­ды­қта жеңу­ге үйре­те­ді. Бір жағы­нан алған­да, Алте­кеңнің өмірі осын­дай бұра­лаң, өрлі-еңісті, құз-қия­лы, жар­та­сты, шың­ды бол­ды. Қысқа ғана өмір сүр­се де, соның бәрін көр­ді. Соның бәрі­нен өтті. Тау ешқа­шан ала­сар­май­ды. Тау алы­стаған сай­ын биік­тей түседі. Алте­кең де сон­дай, елі үшін ол үлкен тау. Сіз­дер үшін де солай. Алтын­бек­тің ойы ала­сар­май­ды, сөзі мен мақ­са­ты, құрған жос­па­ры ала­сар­май­ды. Соның бәрі іске асуы керек. Оны іске асы­ра­тын сіз­дер мен біз­дер­міз. Алте­кең біз үшін өмір сүр­ді. Алты­кен­нің ісін енді жастар жалға­сты­ра­ды. Мағ­жан ақын айтқан­дай, «Мен де осы жастарға сене­мін». Алты­кен бекер өмір сүр­ген жоқ, өмірі бекер өткен жоқ. Ол жалға­сын таба­ды», – деді.

Алтын­бек рухы­на тағ­зым еткен көп­шілік таза ауа­мен тыны­стап, ерекше әсер­мен қалаға қайтты.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн