Талдықорған қант зауыттары ҚАЙТАДАН ЖАНДАНДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №35 (399) от 28 сентября 2017 г.

Апта аптығы


 

Жақсы хабарлар

 

Соңғы 10 жылдан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты (Талдықорған) шаруалардан қызылша қабылдай бастады. Жергілікті жерде 100-ге жуық жұмыс орнының ашылуына себепкер болған зауыттың қайтадан жандануы ақсулықтарды қуанышқа кенелтті. Ал зауыт толық қуатына кіріп, алғашқы өнімдерін бере бастағанда, мұнда 650 адам жұмыс істейтін болады.

Сол сияқты қызылшашылардың күзгі өнімін қабылдай бастаған Көксу қант зауытына да автокеруенмен алғашқы тәтті түбір әкелінді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Бірінші болып Қапшағай қаласының қызылшашылары 50 тоннадан астам қант қызылшасын жеткізді. Шаруалар мен өңдеушілерді бұл қуанышты сәтпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов құттықтады.

Басқарма басшысы өз сөзінде қант қызылшасы өнімін қайта өркендете бастаған аймақта атқарылған тындырымды істің нәтижесінде соңғы үш жылда қант қызылшасының алқабы едәуір ұлғайтылғанын атап өтті. Өткен жылы Алматы облысының қызылшашылары 6,4 мың гектарға тәтті түбір өсірсе, биылғы жылы бұл дақыл алқабының көлемі 9 мың гектарға жетіп отыр. Сонымен қатар өңір қызылшашыларына тұқым, тыңайтқыштар, жанар-жағармай, жаңа техника алуға, өнім жинауға көрсетілетін жәрдем жалғасуда.

«D»

 

 

 

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн