Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАЛЫДА КӨМІР ҚЫМБАТТАП КЕТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Даб­ыл!

 


 

 

Елде­гі жұмыс­сыздық пен банк неси­есін қай­та­ру уай­ы­мы­на қыс қар­саңын­дағы көмір қым­бат­шы­лы­ғы қосыл­ды. Адам ашты­ққа шыдай­ды, ал суы­ққа төзу мүм­кін емес. Қыс түс­пей жатып, Қаза­лы­дағы көмір­дің баға­сы 16 мың тең­ге­ге шары­қтап кет­ті. Ертең күн суы­тқан­да, оның баға­сы 20 мың тең­ге­ге жетері айдан анық.

 

Қазір­гі тан­да азын-аулақ бюд­жет­тік меке­ме­лер­де жұмыс істей­тін­дер­дің 50 пай­ы­зы 20–30 мың тең­ге айлық ала­ды. Ертең мау­сым­дық жұмыс біт­кен­нен кей­ін сол 50 пай­ы­здың тең жар­ты­сы жұмыс­сыз үйлерін­де оты­ра­ды. Осы­дан артық азап бар ма?! Біз­дер нағыз апат аймағын­да өмір сүріп жатыр­мыз. Арал­дың тұзы қап­та­лы­мы­здан соқ­са, төбе­міз­де орыс раке­та­ла­ры улы геп­телін төгу­де. Кеңес Одағы кезін­де эко­ло­ги­я­лық аймақ ретін­де көмір­ге, т.б. жеңіл­дік­тер беріліп тұра­тын. Ал тәу­ел­сіздік алған соң бар­лық жеңіл­дік­тен айы­ры­лып қал­дық. Егер де мәжіліс депу­тат­та­ры 50–60 мың тең­ге­мен айлық жалақы алса, қара халы­қтың жағ­дай­ын түсі­нер еді. Мил­ли­он­дап жалақы ала­тын депу­тат­ты 20–30 мың тең­ге ала­тын мүсә­пір қаза­қтар­дың жағ­дайы алаңдатпайды.

Сон­ды­қтан Қаза­қстан үкі­меті арнайы комис­сия құрып, Қаза­лы қала­сы­ның тұр­мыс-тір­шілі­гін зерт­теп, көмір­дің баға­сын рет­те­у­ге, өндіріс орын­да­рын ашуға ықпал етпе­се, аймақтағы жағ­дай әле­умет­тік жары­лы­сқа алып келуі мүмкін.

Мұрат­бек ОРЫНБАСАР

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн