«Общественная позиция»
(проект «DAT» №36 (400) от 05 октября 2017 г.
Апта аптығы
Қымбатшылық қамыты
Қазақстанда 2017 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы сәйкес аймен салыстырғанда 7,8%-ға өсті, деп көрсетілген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті таратқан хабарында.
Комитет сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, баға кофе, шай және какаоға – 14,8%, кондитерлік өнімдерге – 12,5%, жемістер мен көкөністерге – 10,5%, алкогольді ішімдіктерге – 10%, сүт өнімдеріне – 9,9%, балық және теңіз өнімдеріне – 8,6%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 8,4%, нанға – 3,3%, макарон өнімдеріне – 2,6%, ұнға – 2,4% қымбаттады.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,4%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 14,2%-дан, қой етіне – 13,4%, құс етіне – 10,1%. шошқа етіне – 10,9%, жылқы етіне – 8,7%, шұжық өнімдеріне – 7,2%-ға жоғары болды.
ҚазТАГ