Пятница , 4 июля 2025

ДУЛАТ ИСАБЕКОВТІҢ ТОЙЫ Лондон фестивалінде аталып өтті

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

Апта апты­ғы

Бәре­кел­ді!


 

Англия аста­на­сы Лон­дон­да бел­гілі қазақ жазу­шы­сы, дра­ма­тург Дулат Иса­бе­ков атын­дағы фести­валь өту­де. Іс-шара жазу­шы­ның 75 жыл­ды­ғы­на орай ұйым­да­сты­ры­лған, деп жаза­ды Stan.kz.

 

Бұл тура­лы фести­валь қаты­су­шы­ла­ры­ның бірі, актри­са Сал­та­нат Бақа­е­ва (сурет­те) Instagram-парақ­ша­сын­да хабар­ла­ды. «Лон­дон қала­сы­на келуі­міздің басты себебі – Дулат аға Иса­бе­ко­втың 75 жыл­дық мерей­тойы. Осы­ған орай Лон­дон қала­сын­да Дулат Иса­бе­ков атын­дағы фести­валь өтіп жатыр. Біз «Жау жүрек» қой­ы­лы­мы­м­ен сол фести­валь­ді аштық. Жаңа ғана аты әлем­ге әйгілі «Биг­Бен» саға­ты орна­ласқан пар­ла­мент ғима­ра­тын­да Дулат аға­ның 75 жыл­ды­ғы­на арнайы жай­ы­лған дастарxан­нан дәм тат­тық! Бұның бар­лы­ғын ұйым­да­сты­рған – Лорд пала­та­сы! (Ескер­те кетей­ік, Дулат Иса­бе­ков лорд­тар пала­та­сын­да сөз сөй­ле­ген бірін­ші қазақ жазу­шы­сы – Ред.). Үш ұйы­қ­та­сам түсім­де көр­ме­ген, ойла­маған нәр­се­лер өмірің­де бола­ды екен… «Биг­Бен» саға­ты орна­ласқан ғима­рат­та лорд­тар­мен, коро­ле­ваға жақын жүр­ген адам­дар­мен дастарxан­дас бола­мын деп еш ойла­маған едім», – деп жаз­ды Салтанат.

Stan.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн