Суббота , 5 июля 2025

СЕМЕЙ ЖЫЛУ БАҒАСЫНА ҚАЗАНДА ҚАРЫҚ БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

 

Семей­де 1 қазан­нан бастап жылу тари­фі 7,5%-ға көтеріледі, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Семей қала­сын­да тариф тап­шы­лы­ғы бар, оның бір бөлі­гі рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен жабы­ла­ды, оған жыл сай­ын тап­шы­лы­қты жабу үшін қар­жы бөлі­неді. (…) «Жылу­ком­мунэнер­го» МКК кәсі­пор­ны оңал­ту­дан шықты және ол қары­зға бат­па­уы керек, олар­дың тари­фі көр­сетілетін қыз­мет­ке сай болуы тиіс», – деді қала әкі­мінің орын­ба­са­ры Нико­лай Уша­ков. «Егер біз бүгін тариф­ті көтер­ме­сек, онда бұл кәсі­по­рын тағы да қары­зға бата­ды», – деді ол.

Хабар­да атап өтіл­ген­дей, жаңа тариф­ті Табиғи моно­по­ли­я­лар­ды рет­теу агент­ті­гі бекіт­кен. Сон­дай-ақ жылу көз­дерінің жүк­те­месінің көп­ті­гі­нен қала­ның оң жақ жаға­ла­у­ын­дағы тұрғын­дар үшін жылу энер­ги­я­сы тап­шы­лы­ғы байқалуда.

Семей­дің жылу­мен жаб­ды­қтау жүй­есін қай­та құру және ЖЭО‑1 жаңғыр­ту жұмыста­ры 2009 жылы, РК‑1 жаңғыр­ту жұмыста­ры 2012 жылы бастал­ды. «Бүгін­гі таң­да ЖЭО‑1 бой­ын­ша жоба сома­сы­на Т1,7 млрд-қа түзе­ту енгі­зу керек. РК‑1 жөн­деу жұмыста­рын аяқтау үшін Т416 млн керек. РК-1-де қуа­ты 12 МВт бола­тын импорт­тық өндірістің зама­на­уи тур­би­на­сы қон­ды­ры­лған, ал осы нысан­да іске қосу-қалы­пқа кел­ті­ру жұмыста­рын баста­уға Т870 млн керек», – деді әкім орынбасары.

Н.Ушаковтың ақпа­рын­ша, бүгін­гі таң­да бұл сұрақтар­дың бар­лы­ғы ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гін­де қара­лып жатыр, бағ­дар­ла­ма қол­дау тап­ты. РК-1-дегі жөн­деу жұмыста­ры­ның аяқта­луы­на қарай (оны аяқтау осы жылға жос­пар­ланған) және электр энер­ги­я­сын шыға­ра­тын тур­би­на­лар­ды іске қосу бой­ын­ша, әкім орын­ба­са­ры­ның айтуын­ша, қала­да жылуға қаты­сты про­бле­ма болмайды.

Қаз­ТАГ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн