Суббота , 5 июля 2025

САРЫАҒАШ солтүстікке КӨШІП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

Қаза­ғы қалың, халқы көп оңтүстік өңірі­нен елі­міздің сол­түсті­гіне бет алған көш әлі де жалға­сып жатыр. Бұл жолы Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­ның Сары­ағаш ауда­ны­нан 21 отба­сы теріс­кей­ге қоныс аудар­ды. Олар­дың дені сол өңір­де сұра­ны­сқа сай маман­дық иелері.

 

Көш­ке ілес­кен 21 отба­сы Дер­бі­сек ауы­лы­ның тұрғын­да­ры. Бәрі бір-бірі­мен ағай­ын-туыс. Шару­а­ның жай­ын білетін 4–5 аза­мат бұған дей­ін сол­түстік­тің Тими­ря­зев, Мағ­жан Жұма­ба­ев және Шал ақын аудан­да­ры­на барып, жер жағ­дай­ын көріп қай­тқан бола­тын. Сол сапар­да бір­жо­ла егін сала­тын жерін бел­гілеп, істей­тін кәсібін де нақты­лап кел­ді. Енді бәрі жабы­лып, сон­да өз алды­на дер­бес коопе­ра­тив құрға­лы отыр. Ол үшін қара­мақта­ры­на 22 мың гек­тар егістік жер бөлініп берілді.

 

Орал ДОСЫМОВ, Дер­бі­сек ауы­лы­ның тұрғыны:

«Коопе­ра­тив­ті басқа­ра­тын жаным­да білім­ді, Москва­ның Тими­ря­зев инсти­ту­тын бітір­ген 4 жігіт бар. Алма­ты­ның зооветін бітір­ген тағы үше­уі бар. 20 білім­ді жігіт бара жатыр мені­мен бір­ге. Солар­дың бар­лы­ғы жаны­на 5–10 отба­сы­ны әкетіп жатыр».

Бұл аза­мат­тар­дың тәу­е­кел­ге баруы­на мем­ле­кет­тік қол­дау түрт­кі бол­ды. Оның үстіне биыл көк­тем­де сол­түстік­те­гі бір­не­ше облы­стың өкіл­дері осын­да еңбек жәр­мең­кесін өткізді. 636 кәсі­по­рын түстік өңір­дің аза­мат­та­ры­на 1 мың 785 бос жұмыс орнын ұсын­ды. Арнайы сапар ұйым­да­сты­рып, еңбек нары­ғын­дағы жағ­дай­ы­мен таны­сып келуіне жағ­дай жасады.

 

Мұхит ОТАРШИЕВ, облы­стық әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар және жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру басқар­ма­сы­ның басшысы:

«Басқар­ма тара­пы­нан аудан, қала­лар­ды ара­лап, жұмыспен қам­ту орта­лы­қта­рын­да, бөлім­дер­де жина­лы­стар жүр­гізіл­ді. Наси­хат­тау жұмыста­ры­ның арқа­сын­да қазір 200–300-ге жақын отба­сы көшу­ге қызы­ғу­шы­лық біл­діріп отыр».

Бүгін­ге дей­ін елі­міздің теріс­кей­іне оңтүстік­тен 113 отба­сы қоныс аудар­ды. Бұл аза­мат­тар қазір өңір­де­гі құры­лыс, білім беру, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мен меди­ци­на сала­сын­да еңбек етіп жатыр. Тағы біра­зы жеке кәсіп ашып, тір­лі­гін дөң­ге­ле­ту­ге кіріс­кен. Енді олар­дың қата­ры сары­аға­штық ағай­ы­н­мен толы­ққа­лы жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ,

Оңтүстік Қаза­қстан облысы

Shymkenttv.k

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн