Суббота , 5 июля 2025

Қазақ-қырғыз шекарасында ТЕКСЕРУ ТӘРТІБІ КҮШЕЙДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

Қырғыз­стан аза­мат­та­ры­ның Қаза­қстан­мен шека­ра­дағы үш шека­ра бекеті – Талас облы­сын­дағы «Чон-Кап­ка», Шу облы­сын­дағы «Ақ-Жол» және «Ақ-Тілек» өткі­зу пункт­тері­нен өтуі қиын­да­ды. Бұл тура­лы Қырғыз­стан шека­ра қыз­метіне сіл­те­ме жасаған «Азатты­қтың» Қырғыз редак­ци­я­сы хабар­ла­ды. Мем­ле­кет­тік шека­ра қыз­метінің мәлі­метін­ше, жағ­дай 10 қазан­ның кеші­нен бері өзгер­мей тұр. Шека­ра­да кісі қара­сы мен көлік саны көбей­ген. Қаза­қстан билі­гі жағ­дай­ға ресми түр­де түсінік бер­мей отыр.

 

Шека­ра­дан өтудің қиын­даға­нын куә­гер­лер де хабар­лап жатыр. «Чон-Кап­ка» бекетіне сей­сен­бі күні (10 қазан – Ред.) сағат 9‑да бар­дық, күн­діз­гі екі­ге дей­ін тұрып, сол күйі өте алма­дық. Кей­ін онда жіті тек­серіп, әр жар­ты сағат­та бір ғана көлік­ті өткіз­генін естідік», – деді «Азатты­ққа» Талас қала­сы­ның тұрғы­ны Бурул­кан Бейшеналиева.

11 қазан­да Қырғыз­стан шека­ра қыз­меті Қаза­қстан­ның шека­ра­дан «күшей­тіл­ген тәр­тіп­те» өткізіп жатқа­нын хабар­ла­ды. Соны­мен қатар мем­ле­кет­тік шека­ра қыз­меті де 10 қазан күн­гі сағат 20-дан бері «пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на дай­ын­дық пен оны өткі­зу уақы­тын­да» күшей­тіл­ген тәр­тіп­ке көш­кен. Мем­ле­кет­тік шека­ра қыз­меті бірақ Қырғыз­стан жағы­нан шека­ра­лық тек­се­ру­ден өтер­де шек­теу жоғын айтады.

10 қазан күні кеш­ке әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­ла­ры «Қор­дай» тек­се­ру және өткі­зу бекетін­де тәр­тіп күшей­тіл­ген болуы мүм­кін екенін хабар­лаған. Қол­да­ну­шы­лар­дың хабар­ла­у­ын­ша, адам­дар кезек­те сағат­тап тұрған, жүк көлік­тері мұқи­ят тек­серіліп жатыр. Кезек­те тұрған кей­бір кісілер тек­се­рудің күшей­генін Қырғыз­стан пре­зи­ден­ті Алмаз­бек Атам­ба­ев­тың Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­на қара­та сын айтқа­ны­мен байланыстырады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн