Суббота , 5 июля 2025

Көмірлі Қарағанды КӨМІРГЕ ТАПШЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Қаза­қстан интер­нет иірімінде


 

Қараған­ды облы­сы­ның халқы үйлеріне көмір жағып, жылы­та алар емес. Шах­та­лар­дың аузын­дағы кезек бір­не­ше шақы­рым­дарға созы­лып кеткен.

 

Жүк тиеу бекеті­нен күн сай­ын тек 50 маши­на ғана аттан­ды­ры­ла­ды. Жүр­гі­зу­шілер тәулік­ке жуық уақыт кезек күтіп тұр. Келісім-шарт жасасқан кәсі­по­рын еш кезексіз талон­мен ала­ды. Олар көбі­не­се жаңа ғана әкелін­ген көмір­ді тасып әке­те­ді. Ал жеке адам­дарға жаз­да дай­ын­да­лып қой­ған көмір беріледі. «Бұл жер­де күн сай­ын төбе­лес. Үйде көмір жоқ, жылу жоқ. Қарағанды­да тұра­мыз, бірақ көмір жет­пей­ді, бұл деген ұят әрі күл­кілі», – дей­ді тұрғын.

Ал қой­ма­да қалған-құтқан көмір­ді ешкім сатып та алмай­ды, себебі ол дұрыс жан­бай­ды екен. Көмір тап­шы­лы­ғы­нан әсіре­се алыс аудан­дар зардап шегіп отыр. Қат­ты отын­ның баға­сы да бен­зин баға­сы­мен бір­ге шары­қтап барады.

«Бен­зин­ді кей жер­лер­ден 153–160-қа құй­ып ала­мыз. Ал кей бекет­тер­де жанар­май тіп­ті жоқ. Ал көмір­ді алыс аудан­дарға тасы­ған кез­де біз оны тон­на­сын 17–18 мың­нан сата­мыз. Біздің қырып пай­да тауып жатқа­ны­мыз шама­лы», – дей­ді Қуан­дық Мұқа­шев. Кезек­те тұрған­дар­дың алпыс пай­ы­зы көр­ші облы­стан кел­ген­дер. Ал шене­унік­тер бол­са, вагон­дарға қаты­сты еш про­бле­ма жоқ дей­ді. Билік біре­се ауа рай­ын, біре­се шыдам­сыздық таныт­ты деп халы­қты кінәлайды.

«Екі ауы­сым бекітіліп, олар тәулі­гіне 50 маши­наға тиеп жатыр. Қазір ол жер­де­гі жұмыс күніне 150–170 маши­наға дей­ін жоға­ры­ла­ды. Яғни, жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Соны­мен қатар Шұбар­көл­ден 25 вагон Қараған­ды мен Қараған­ды облы­сы­на тәулік сай­ын қаты­нап жатыр», – деді облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Алмас Айдаров.

Билік мәсе­лені бір апта ішін­де шеше­міз дей­ді. Бүгін­нен бастап, жұмыс тәулік­тік режим­ге көшіп, көмір күн­де де, түн­де де саты­ла­тын болды.

Stan.kz

 

 

 

 

«ҚАРА АЛТЫННЫҢ» ҚҰНЫ кәдім­гі алты­н­мен пара-пар

 

Жоға­ры сапа­лы деп сана­лып, халық ара­сын­да таны­мал­ды­лы­ққа ие болған «Шұбар­көл» көмірін Қарағанды­дан табу оңай емес. Біз хабар­ласқан фир­ма­ның бірі көмір­ді тек вагон­мен жібе­ретін­ді­гін айт­са, тағы бір фир­ма «Шұбар­көл» көмірінің тон­на­сын 9000 тең­ге­ден сата­тын­ды­ғын, бірақ дәл бүгін қала­да көмір­дің жоқты­ғын айтты.

 

«Қазір қала­да арзан көмір жоқ. Ол 7–8 күн­нен кей­ін бола­ды. Егер «Шұбар­көл» көмірінің тон­на­сын 11–13 мың тең­ге­ден емес, 9 мың тең­ге­ден алғы­ңыз кел­се, алдын ала 15 пай­ы­зын төлей­сіз. Себебі көмір­ге тап­сы­рыс беру­шілер өте көп, арзан көмір қалаға кел­ген­нің өзін­де бар­лық тұты­ну­шы­ларға жет­пей­ді», – деді Ерға­зы есім­ді жігіт.

Көмір сату­мен айна­лы­са­тын тағы бір­не­ше оры­нға хабар­ласқан едік. Бұл фир­ма­лар «Шұбар­көл» көмірін 11000–13000 тең­ге­ден, ал «Куз­нецк» көмірін 6500–8000 тең­ге­ден сата­тын­ды­ғын айт­ты. Бұл облыс орта­лы­ғын­дағы жағ­дай. Ал аудан­дар мен ауыл­дар­дағы көмір баға­сы бұдан әлдеқай­да жоға­ры болуда.

Қараған­ды облы­стық әкім­ді­гін­де өткен аппа­рат­тық жина­лы­ста жеке мен­шік тұты­ну­шы­ларға арналған көмір баға­сы­на қаты­сты мәсе­ле талқы­ланған бола­тын. «Шұбар­көл көмір» АҚ өкілі Нина Гор­ня­ко­ва келісім-шарт жасасқан меке­ме­лер­ге көмір 4502 тең­ге­ден саты­ла­тын­ды­ғын айтқан. Ал Қара­жал қала­сы­ның әкі­мі Тілек­тес Доса­ев­тың айтуын­ша, халы­ққа арналған көмір тап­шы, қара­пай­ым тұрғын­дар үшін мұн­дай арзан көмір қол­жетім­сіз болып отыр.

«Жалын» халы­ққа қажет­ті көмір­ді шығар­май­ды. Ал «Шұбар­көл» баға­ны тон­на­сы­на 8500 тең­ге­ге көтеріп жібер­ген. «Камаз» жүр­гі­зу­шілер көмір алу үшін екі-үш тәулік бойы кезек­те тұра­ды. Қара­пай­ым тұрғын­дар үшін тон­на­сы 4502 тең­генің көмірі қол­жетім­сіз болып тұр. Ондай келісім-шар­ттар тек ірі кәсі­по­рын­дар­мен жасалған», – дей­ді Тілек­тес Досаев.

Жібек МҰҚАШЕВА,

Вaq.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн